Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

«Жұлдызды дода»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде наурыз айының 4-ші жұлдызында студенттердің бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жастар ұйымының ұйымдастыруымен атты байқау өтті.

«WorldSkills Kazakhstan»

2017 жылдың 22-24 ақпан күндері облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен 18-22 жастағы жастар арасында 24 құзіреттілік бойынша кәсіптік шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі болып өтті.

VIIІ колледжішілік «Жас маман-2017» байқауы

VIIІ колледжішілік «Жас маман-2017» байқауы

Бейнеу гуманитарлық- экономикалық колледжінде білім саласында еңбек етіп жатқан ізденімпаз жас мамандарды анықтау, келешек еңбек жолдарында табысты, шығармашылық еңбек ету үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру мақсатында «Жас маман-2017» байқауы болып өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылдан аспаған жас мамандар қатысты.

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде ақпан айының 2-13 аралығында «Өзін – өзі тану»: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі болып өтті. Онкүндік өту барысында арнайы жоспар құрылып, сол бойынша шаралар өтті.

«Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

«Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

10.02.2017ж күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.

«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы

«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы

Студенттердің Ғылыми Қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес колледж директорының бұйрығымен арнайы бағдарлама жасақталып, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде студент жастардың колледж өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік бағдар қызметіне тарту, студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыра отырып, мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айының 27-28-і күндері колледжішілік «Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы өткізілді.

«Үздік ПЦК-2017» байқауы

«Үздік ПЦК-2017» байқауы

2017 жылдың 21 қаңтар күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Үздік ПЦК-2017» байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді дамыту мен жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, жоғары әдістемелік деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін ПЦК-ларды анықтау, қолдау көрсету және ПЦК ішіндегі озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мен тарату.

«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы

«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК-де директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен қосымша білім беру педагогі Н. Аюпованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 3-4 ақпан күндері 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосу мақсатында колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы өткізілді. 

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыстық Жастар форумында «25 жылдыққа 25 шара» жетістіктер шеруіне «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Ермуханова Айман «WorIdskills Kazakstan» кәсіптік шеберлік Ұлттық чемпионатының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленгені үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның Алғысымен және жетекшісі Даулетова Бұрыш Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының дамуына жалынды жігер танытып, техникалық және кәсіптік білімнің дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның Алғысымен марапатталды.

«Білім  берудегі жаңа  педагогикалық  технологияларын  қолдану арқылы  нәтижеге  жету» тақырыбында  өткізілген  әдістемелік  семинар

«Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияларын қолдану арқылы нәтижеге жету» тақырыбында өткізілген әдістемелік семинар

2016 жылдың желтоқсанның 12-сі мен 13-і күндері колледжімізде Педагогика, психология, өзін –өзі тану және эстетикалық пәндер циклі бойынша "Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияларын қолдану арқылы нәтижеге жету" атты екі күндік Әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың ашылуында цикл жетекшісі Б.Даулетова Әдістемелік семинар жоспары және бағдарламасымен оқытушыларды таныстырып, директордың ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.