Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС

 

Колледжде «Жас ұстаздар мектебінің» жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік жас маманның даму кеңістігінде» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары өтті.

 

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС

 

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС

 

 

Семинардың мақсаты- жас мамандардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

  Семинардың ашылуында жас мамандардан  «Мендегі мәселелер» тақырыбында сауалнама алынды. Сондай-ақ  колледж психологы Жумагазина Ақмарал педагогтар арасындағы жағымды қарым-қатынасты орнатуға арналған тренинг жүргізді. Тәлімгерлер семинарында Н. Ширджанов,

 Б. Алдабергенова,

А. Жумагазина, Ж. Мұратова сынды тәжірибелі мамандар арнайы пәндер бойынша  бағдарламалық тақырыптарынан ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда жас оқытушыларға үйрету мақсатында интернет платформаларды, оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданды. Семинар соңындағы дөңгелек үстелде колледж әдіскері Т. Қадыр «Жас маманға кеңес» тақырыбында баяндама

оқыды. Кері байланыста  қатысушы жас мамандар мен олардың тәлімгерлер өткізілген жұмыстарға оң пікірлерін білдірді.