Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -делінген.

Ғылыми жұмыс

26  наурыз күні  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым  Академиясының XVII-ші Облыстық ғылыми- тәжірибелік  конференциясына  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

"Білікті  маман - өмір талабы" тақырыбында  өткізілген педагогика,  психология  және  өзін-өзі  тану, эстетикалық  пәндер апталығы

"Білікті маман - өмір талабы" тақырыбында өткізілген педагогика, психология және өзін-өзі тану, эстетикалық пәндер апталығы

13.03.2017ж күні «Білікті маман – өмір талабы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатында студенттер мамандықтар бойынша өлеңдер оқып, ПЦК жетекшісі апталықтың жоспарымен студенттерді таныстырды.

«Қыз ұлт болашағы»

6.03.2017 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қыз ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өткізілді.

«Жұлдызды дода»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде наурыз айының 4-ші жұлдызында студенттердің бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жастар ұйымының ұйымдастыруымен атты байқау өтті.

«WorldSkills Kazakhstan»

2017 жылдың 22-24 ақпан күндері облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен 18-22 жастағы жастар арасында 24 құзіреттілік бойынша кәсіптік шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі болып өтті.