Колледж миссиясы: Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген мамандарды дайындау.

Жұмысқа орналасуы

Әлеуметтік  серіктестік

 

         Бейнеу  гуманитарлық - экономикалық  колледжі  жоғарыда  аталған  қағиданы  ұстана  отырып, колледждің  әлеуметтік  серіктестері  болып  табылатын аудан орталығындағы жалпы  білім  беретін  мектептер мен  мектепке  дейінгі  мекемелермен  «Бейнеу аудандық білім бөлімі» ММ-сі арқылы екіжақты келісімшартқа отырып, аталған  білім  мекемелерінде  оқушылар «Бастауыш   білім  беру», «Дене  тәрбиесі  және  спорт», «Құқықтану», «Қазақ  тілі  мен әдебиеті мұғалімі», «Орыс тілі  мен  әдебиеті мұғалімі», «Математика  мұғалімі», «Тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру» мамандықтары бойынша  өндірістік тәжірибеден өтіп, көпшілігі жұмысқа орналасуда. Елбасының бастамасымен қабылданған «Балапан» бағдарламасын  жүзеге асыру  бағытында колледж  мектепке  дейінгі  ұйымдар  тәрбиешілерін  дайындаумен үлес  қосып келеді.  Сектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту мамандығының  студенттері  аудандағы  мектепке  дейінгі  ұйымдардан    өндірістік  тәжірибеден  өтіп, бұл  мамандықтың да   қыр - сырын  практикалық  тұрғыдан  ұғынып келеді. Бейнеу  гуманитарлық - экономикалық  колледжі  мен әлеуметтік  серіктес  мекеме екіжақты келісімшарт негізіндегі кәсіптік практика кезінде студент  пән бойынша сабақ өткізумен қатар, сол мекеменің тарихын, педагогикалық  құрылымын,  оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмыстарын зерттеп танысады.  Қазіргі  таңда  21 мекеме  колледждің  әлеуметтік   серіктес  мекемесі  болып табылады.

           Бейнеу  гуманитарлық - экономикалық  колледжінде білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізуде  Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасақталған оқу жоспары басшылыққа алына отырып,  колледждің  әлеуметтік  серіктестері  болып  табылатын  білім мекемелерімен  тығыз  байланыста  жұмыстар  жүргізіледі.  Оқу  жоспарында  көрсетілген  жалпы  оқуға  бөлінген  сағттың 40 пайызы  оқу- өндірістік  практика  жұмыстарына  бөлініп  отыр.              

          Әлеуметтік серіктестік жұмысы аясында жұмыс беруші мектепке дейінгі мекемелер, мектеп басшылары колледж бітіруші  студенттердің білім сапасын тәуелсіз бағалау және  мемлекеттік емтихан комиссиясының мүшесі немесе төрағасы ретінде қатысып  болашақ маманның  білім сапасын тікелей өздері бағалауға және жұмыс берушінің қажеттілігін орындауына мүмкіндік жасалады.

            Колледжде әлеуметтік  серіктестік  жұмыстарын  жетілдіру  мақсатында  дәстүрлі  шаралар  өткізіліп  тұрады. Атап  айтар  болсақ, базалық мектептердің мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледжде «Оқу - өндірістік  тәжірибенің  өту  сапасын арттыру» тақырыбында кездесу, колледждің  ІІІ курс  студенттері  арасында колледжішілік «Дарынды  шәкірт – үздік  маман» байқауы әлеуметтік  серіктес  мекемелер  базасында  өткізіледі.  Бұл  шаралардың  барлығына  да  әлеуметтік серіктес  мекемелерден  өкілдер  қатыстырылады. 

         2015-2016 оқу жылында  Маңғыстау облысының  білім басқармасының «Техникалық 

және  кәсіптік  білім беру ұйымдарының  мамандықтарына  дуалды оқыту  жүйесінің элементтерін  енгізу  бойынша  эксперименттік  алаңдар  құру  туралы»  10.08.2015 жылғы  № 218 бұйрығына  сәйкес  Бейнеу  гуманитарлық – экономикалық  колледжінің  0101000 Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту  мамандығының  0101013 Мектепке  дейінгі  ұйымдар  тәрбиешісі біліктілігі  бойынша эксперименттік түрде дуальдік оқыту  жүйесі  енгізілді. Дуалды  оқыту  жүйесі  бойынша  білім  алушылар  саны 26 студент.  Дуалды  оқыту  жүйесі  бойынша  4 мекемемен  келісім  шарт  жасақталды.  Олар  Бейнеу  селосында  орналасқан  «Бөбек  бөбекжайы» МКҚК, «Балдаурен  бөбекжайы» МКҚК, «Балауса  бөбекжайы» МКҚК, «Балдырған  бөбекжайы» МКҚК-ы.