Колледж мақтаныштары
Меделова Балерке Дәлубекқызы 2017 жылы «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығын «Ұйымдастырушы педагог» біліктілігі бойынша бітірген. Қазіргі таңда "Сам" мектеп-балабақша кешенінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ береді.
Кулчабаев Куаныш Халбаевич 2018 жылы «Негізгі орта білім» мамандығын «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген. Қазір Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №1 орта мектебінде математика пәні мұғалімі қызметін атқарады.
Алтыбаева Айдана Асқарқызы 2015 жылы «Негізгі орта білім» мамандығын «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген қазір «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ-де математика пәні мұғалімі болып қызмет етеді.
Казиев Али Аскарбаевич 2012 жылы «Бастауыш білім беру» мамандығын «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген.Қазіргі таңда "Бейнеу лицейі" КММ -де информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Сол мекемедегі робототехника үйірмесінің жетекшісі.
Аяпов Елмұрат 2012 жылы «Бастауыш білім беру» мамандығын «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген. Қазір "Бейнеу политехникалық колледжі" МКҚК-да екінші санатты арнайы пән мұғалімі болып қызмет атқарады. 2014 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының "Алғыс хатымен", 2017 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының "Алғыс хатымен", 2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің "Жыл мұғалімі" номинациясымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің "Құрмет грамотасымен", 2018 ж "Үздәк педагог-2018" байқауы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталған.
Мухаматдинова Мөлдір 2017 жылы «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығын «Ұйымдастырушы педагог» біліктілігі бойынша бітірген.Қазіргі таңда Күйкен орта мектебінде қосымша білім беру педагогы болып қызмет атқарады.
Сайхали Мадина Ниязбекқызы 2015 жылы «Негізгі орта білім» мамандығын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген. Қазір Ақтау қаласындағы №3 жалпы білім беру мекемесінде қызмет атқарады.
Сильчинко Ирина Сергейқызы 2016 жылы «Негізгі орта білім» мамандығын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген.Қазір Үстірт орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарады.2017 жылы «Тіл - татулық тірегі» атты облыстық байқауда бас жүлдені иеленді.Сол жылы «Тіл парасат» республикалық байқауында 1 орынды жеңіп алды.
Чибентаева Замира 2015 жылы «Негізгі орта білім» мамандығын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша үздік дипломмен бітірген.Қазір Үстірт орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарады.2016 жылы аудандық тілшілер олимпиадасында жүлделі 3-орынды иеленген.