Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары

Заместитель директора по учебно-производственный практике

Адилов  Серик  Карисбаевич 2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін қазақ  тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  мамандығы бойынша  бітірген. 2002 жылы  Маңғыстау  облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу  селосындағы  Ы. Алтынсарин  атындағы  орта  мектебінде  алғаш  еңбек  жолын  бастады.  2006 -2009 оқу жылдары  осы  мектепте директордың  тәрбие  жөніндегі  орынбасары  қызметін  атқарды. 

2009 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне  қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты. 2010-2016 оқу жылдары колледж директорының  оқу өндірістік практика  жөніндегі  орынбасары болды. 

2016-2019 оқу жылдары  Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Абай  атындағы  орта  мектебі» КММ –нің  директоры  қызметін  атқарды. 

2019 жылдан  бастап  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне  қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, колледж директорының  оқу өндірістік практика  жөінідегі  орынбасары  қызметінде

Адилов  Серик  Карисбаевич педагогикалық еңбек  жолында нәтижелі еңбек етіп келеді. Өзінің және ол дайындаған  шәкірттерінің  де  жетістіктері бар. Ол шығармашылық  қабілетін шыңдау мақсаттарында түрлі конференцияларға, олимпиадаларға, байқауларға, семинарларға қатысты.

2011 жылы ҚР Кіші Ғылым академиясының  Маңғыстау  облыстық  филиалының  ұйымдастыруымен  өткен  ғылыми- тәжірибелік  конференциядағы  үздік жұмысы  үшін  Алғыс хатпен  марапатталды.

2013 жылы Маңғыстау  облысының  білім басқармасының «Үздік педагог-2013» байқауында  Сертификатқа  ие болды.

2014 жылы  Үздік Диплом «Техникалық және  кәсіптік  білім беру жүйесін  жаңғырту жағдайындағы пеадгог  кадрларды  дайындау» облыстық  ғылыми- тәжірибелік конференция

2014 жылы  Маңғыстау  олысының білім басқармасының  Сертификаты.  «Қазақстандық патриотизм – Тәуелсіздіктің  алтын  діңгегі» ғылыми- пратикалық  конференция.

2015 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұқбаты» Маңғыстау  облыстық форумынада «Әлеуметтік серіктестік – кәсіби мамандар даярлау  кепілі» тақырыбында, 2018 жылы  аудандық  тамыз  кеңесінде «Нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында баяндамалар  жасады.

Адилов  Серик  Карисбаевичтің  шәкірттері  де  облыстық  байқаулар мен  сайыстарды  жүлделі  орындарға  ие  болды.  2011 жылы  Мұханова  Іңкәр Тәуелсіздің  20 жылдығына  орай  ұйымдастырылған  облыстық  шығармалар байқауында 2 орынға  ие болды.

2014 жылы Мухамматдинова  Мөлдір, Сулейман Жұлдызай, Муханова Әсем  облыстық студенттік ғылыми- практикалық  конференция Үздік Дипломмен марапатталды.

Адилов  Серик  Карисбаевич  Абай  атындағы  орта  мектебінің  директоры  қызметін атқарған  кезде  де  мектеп  ұжымы жетістіктерге  жетті. 2017 жылы мектеп бітіруші  түлектерден   13 түлек, 2018 жылы 21 түлек, 2019 жылы 32 түлек  мемлекеттік грантқа  ие  болды. Мектеп  оқушылары  Ресубликалық  экологиялық  байқауда  жүлдегер  атанды. 2017 жылы 2 түлек  Үздік  аттестатқа, 2018 жылы  2 түлек, 2019 жылы 1 түлек «Алтын белгіге» ие болды.  

2016 жылы  Алматы  менеджмент  университетіне  «Іскерлік  әкімшілік магистрі» мамандығы  бойынша  оқуға  түсіп,  2018 жылы аталған  университетті  «Іскерлік  әкімшілік магистрі» дәрежесі бойынша бітіріп шықты.

2018 жылы Қазақстан  Ресубликасы  жалпы  білім беру ұйымдары басшыларының  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  бойынша курсты  табысты  аяқтады.

Адилов  Серик  Карисбаевичтің мақалалары  мен ғылыми баяндамалары аудандық  облыстық, республикалық  баспасөз  беттеріне де  жарияланып  келеді.

Адилов  Серик  Карисбаевтің  директордың  оқу –өндірістік практика  жұмыстарын  ұйымдастыру,  түлектерді  жұмыспен  қамту бойынша  атқарған  жұмыстары  да  өз  нәтижесін беріп  келеді.  Қазіргі  таңда  колледждің  өндірістік практика  жұмыстары бойынша  келісім шарттар  саны  артып келеді.  Түлектерді  жұмыспен  қамту  көрсеткіші  жыл  сайын өсіп 70-80 % көрсетіп келеді.

2014 жылы  коллдж  оқытушылары А. Қалдаулетова  мен  А. Сейдахметованың  республикалық «Қазақстан  мұғалімі» газетіне «Үлкен жүректі  ұстазым» тақырыбында  С. Адилов  туралы  мақала  жарияланды. Сонымен  қатар халықаралық «Лучшие образовательные учереждение» журналына «Лучшие  преподаватели» бөлімнде  С. Адилов  туралы  мәлімет жарияланды.

Еңбек жолында мынадай марапаттарға ие болды:

2006 жыл Бейнеу  аудандық білім бөлімінің  Құрмет Грамотасы

2011 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы