Колледж миссиясы: Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген мамандарды дайындау.

Қабылдау ережесі

«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына

талапкерлерді 2020 -2021 оқу жылына қабылдау

ЕРЕЖЕСI

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Бейнеу  гуманитарлық- экономикалық  колледжі» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық  кәсіпорнына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық  колледжі» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнына (бұдан әрі- колледж) оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.      

              Жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

  1. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.

       3.1. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

       3.2.  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

       3.3. ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

       3.4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

       3.5. жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;

       3.6.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.

  1. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

 

2-тарау. «Бейнеу  гуманитарлық- экономикалық  колледжі» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық  кәсіпорнына оқуға қабылдау тәртібі

 

  1. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  1. Колледждің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.
  2. Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Тұлғалардың колледжге оқуға өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға  4-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.   

         Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға  4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.

       Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

      9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

       9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.

         9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

         9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

       Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

     1) жеке аудитория ұсыну;   

     2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:

      орта буын мамандарын даярлау үшін және:

      1) негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін - негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

      3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;

       Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

       Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

      Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында (www.bgek.kz) түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

     Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

  

 

 

     2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы

мынадай шәкіл бойынша: "3" – 8 балға, "4" – 17 балға, "5" – 25 балға алмастырады.

  1. Колледжге  түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.

  1. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
  2.    Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
  3. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
  4.   Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
  5.    Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
  6. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді. Арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
  7.   Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

     

 

 

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.
  2. Колледжде  бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу,

оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2.   Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

      29.Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;

      2) оқудың сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

  1. Орта буын, мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

       1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

      2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

  1. Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, сырттай оқу нысандарына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім колледждің интернет-ресурстарына (www.bgek.kz)орналастыру арқылы жеткізеді.

                                                                                  

  Осы қабылдау Ережесі Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы

18 қазандағы  № 578 «Техникалық және кәсіптік

білім беру  бағдарламаларын іске  асыратын  білім  беруұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту   туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.Қабылдау ережесі колледждің 27.04.2020 жылғы №3 педагогикалық кеңесінде қаралып талқыланды  және бекітуге ұсынылды.

 

                                                                                       .