Калдаулетова Айгерим Максатовна (Маңғыстау обл.Бейнеу ауданы, с Бейнеу 24.04.1989ж.т) -«Педагог-зерттеуші» дәрежесіндегі математика пәнінің оқытушысы.
2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің математика мамандығын Үздік дипломмен бітіргеннен кейін Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне математика пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты. 2012-2020 жылдар аралығында колледж әдіскері қызметін қоса атқарды. 2021-2022 оқу жылынан бастап директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Айгерим педагогикалық еңбек жолында нәтижелі еңбек етіп келеді. 2015 жылы Математика пәні бойынша республикалық қашықтан өткен олимпиадаға қатысқаны үшін Сертификат, «Қазақстан ұстазы» порталының ұйымдастыруымен өткен республикалық қашықтық олимпиадада ІІІ орын (математика пәні бойынша), Колледжішілік«Үздік педагог-2017» байқауында І орын, 2018жылы облыстық «Үздік педагог-2018» байқауында Сертификат иеленді.
Шәкірттері көптеген аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар, конкурстар мен сайыстардың және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жүлдегерлері болды. 2015 жылы Қ.Р. Кіші Ғылым Академиясының ХV Маңғыстау облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Алтыбаева Айдана ІІ орын , Ағлиев Мұхтар Сертификат, Республикалық 41-ші аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында Алтыбаева Айдана ІІ орын, 2016 жылы Халықаралық қашықтық конкурста «Веселая математика» блиц-олимпиадада Айтбаева Асия ІІ орын, «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадада Жумабаев Қазбек І орын, Айтбаева Асия І орын, Ермекбаев Төрехан І орын, Жангылбаева Рая І орын, Жалгасова Орынбике І орын, Шаужанова Айгерим І орын, Максимова Жарқынай І орын, ҚР Кіші Ғылым академиясының 17-ші облыстық ғылыми тәжірибелік конференцияда Имашова Зайда «Квадраттық теңдеулерді шешу әдістері» тақырыбында І орын, Қазақстан Республикалық Кіші ғылым Академиясының 43-ші Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияға Имашова Зайда қатысқаны үшін Сертификат пен Үздік ғылыми жұмыс үшін Грамотаға, 2018жылы ҚР Кіші ғылым Академиясының XVIІI-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Кулчабаев Куаныш І орын , ҚР Кіші ғылым Академиясының 44-ші респубикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны үшін Кулчабаев Куаныш Грамота, Сертификат, 2019 жылы ҚР Кіші ғылым Академиясының «Жастар және ғылым» атты XІХ-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Калдыбеков Нурдаулет ІІ орын, ҚР Кіші ғылым Академиясының 45-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Калдыбеков Нурдаулет ІІ орын диплом, Грамота, Сертификат, 2020 жылы ҚР Кіші ғылым Академиясының «Жастар және ғылым» атты XХ-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Калдыбеков Нұрдаулет Сертификат , ҚР Кіші ғылым Академиясының «Жастар және ғылым» атты XХ-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Тоқтамысов Амет ІІІ орын ие болды.
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулығы мен «Математика тарихы мен әдіснамасы» пәнінен студенттерге арналған әдістемелік көмекші құралы облыс көлемінде таратылған.
Нәтижелі еңбегінің арқасында 2010 жыл- Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Алғысы, 2011 жыл- Бейнеу аудандық білім бөлімінің Құрмет мадақтамасы, 2014 жыл- Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы, 2017 жыл- Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Алғыс хаты, 2018 жыл- Колледж бен әлеуметтік серіктес мекемелер арасындағы байланысты нығайту мақсатындағы «Дарынды шәкірт-үздік маман» атты колледжішілік оқу-өндірістік практика байқауын өткізуге атсалысқаны үшін Алғыс, 2019 жыл- Бейнеу аудандық білім бөлімінің Алғысы, 2020 жыл- Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.