Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

ЖАСТАР КОМИТЕТІ

 

                                2023-2024 оқу жылындағы Жастар ісі жөніндегі

                                            инспектордың жұмыс жоспары

 

 

Мақсаты: Студенттердің рухани және мәдени дамуына жағдай  жасау, жастарға  қолдау көрсету, өнерге білімге деген шығармашылық  потенциалын  ашу.

 

Міндеттері:

- Студенттерді аудиториядан тыс шараларға қатысуға тарту.

- Студенттер бойында патриотиз, болашақ мамандығына деген жауапкершілік және құрмет сезімдерін қалыптастыру.

- Студенттердің шығармашылық потенциалын дамыту және қолдау.

 

Нормативтік-заңдық құжаттар

  • ҚР Конституциясы,
  • «ҚР Мемлекеттік Жастарсаясатытуралы» Заңы,
  • ҚР Мемлекеттік Жастар саясатының концепциясы

 

Өткізілетін шаралар

Уақыты

Индикаторлар\Соңғы нәтиже

Жауапты

1

«1 қыркүйек -  Білім күні»

Қыркүйек

 

 

 

ТЖО

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

2

«Студенттік Парламенттің»   I отырысы

 

 

Қыркүйек

 

Колледждегі студенттік парламенттің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітілді.Жаңадан  студенттер арасынан ұйым мүшелерін құрылды, белсенді топ құрамын  жасақталды.Ұйым мүшелері міндеттерін бекітілді.Дарынды, өнерлі студенттердің тізімін жинақталды.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

3

«Біздің бос уақыт»

«Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында үзілісте әлеуметтік зерттеу жүргізу, қызықты ойындар ұйымдастыру

Қыркүйек

 

Студенттер үзіліс уақытында бой сергіту мақсатында және ойлау қабілеттерін арттыру.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент» Ақпарат фракциясы

4

Қарттарға қайырымдылық көрсету акциясы:

« 1 қазан қарттар күніне ,қарт кісілерге азық – түлік апару»

Қазан

Қамқорлықты қажет  ететін жандарға қол ұшын береді,адам өміріндегі ең игі істерінің бірі -   мұқтаж жандарға қамқорлық жасады.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент» Қамқорлық фракциясы

5

Дебат:

«БП  тәрбие жалпы қоғамға міндет деп есептейді»

«Ұшқыр ой» жобасы  аясында колледжішілік дебат

Қазан

Студенттер ізденімпаз,тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе алады

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Парасат» дебат клубы

«Студенттік Парламент»

6

«Білесің бе?» «Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында М.Жұмабаевтың туғанына 130  жыл , Ш.Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл , С.Торайғыровтың туғанына 130  жыл толуына орай зияткерлік сұрақтар қою

Қазан

Студенттер үзіліс уақытында бой сергіту мақсатында және ойлау қабілеттерін арттыру.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент» Ақпарат фракциясы

7

Дебат:

«Адамның мүмкіндігі шектеусіз деп есептейді»

Қараша

Студенттер ізденімпаз,тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе алады

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Парасат» дебат клубы

«Студенттік Парламент»

 

8

«Бүгін валюта күні»

«Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында  қызықты ойындар ұйымдастыру

Қараша

Студенттер үзіліс уақытында бой сергіту мақсатында және ойлау қабілеттерін арттыру.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік

Парламент» Ақпарат фракциясы

9

Сайыс:

«Патриоттық әндер сайысы»

Желтоқсан

Студенттердің туған еліне, Отатына деген сүйіспеншілігін арттыру, колледж ішінде өнерлі студенттерді ұлттық патриотизімге тәрбиелеу.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

Қойшыбаев М

Мәдениет фракциясы

10

Сайыс:

«Суреттер  сыр шертеді»

Ақпан

Жас қылқалам шеберлері өз туындыларын тамаша өрнектеп жеткізу.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік

Парламент»

11

Сайыс:

«Ұлттық тағамдар сайысы»                      

Наурыз

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

12

Бейнероликтер байқауы:

«XXI ғасып жастар есірткі мен СПИД ке қарсы»

Сәуір

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - ал– , оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

13

Дөңгелек үстел:

«Қазақстан халқының бірлігі күні»

 

Мамыр

Қазақстан, көпұлтты мемлекет, мұнда 150-ден астам ұлт пен ұлт өкілдері тұрады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ол жаңа терең мазмұнға толы болды және ұлты мен дініне қарамастан, халқымыздың берік достығының, бірлігінің символына айналды.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

14

Аудан көлемінде өткізілетін сенбіліктерге қатысу

Жыл бойы

Сенбілік жасап аудан шырайын кіргізеді, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайды.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г Колледж студенттері

«Шамшырақ «еріктілері

 

15

«Студенттік парламенттің»   II отырысы

 

 

Маусым

Жастар ұйымының 2023-2024  оқу жылына құрылған жоспарына талдау жасалынды.

Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г

«Студенттік Парламент»

 

 

 

 

Жастар мемлекет тарапынан болатын қамқорлықтың объектісі ғана емес, жастар – қоғам өміріне қатысушы және оның даму сапасына, қарқынына ықпал ететін белсенді субъект. Бейнеу гуманитарлық колледжінде студенттік жастардың қызығушылықтарын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, сонымен қоса, жастар саясаты саласында уәкілеттілікті жүзеге асыру мақсатында Жастар ұйымы құрылған.

Студенттік парламенттің мақсаты:

Студенттердің рухани және мәдени дамуына жағдай  жасау, жастарға  қолдау көрсету, өнерге білімге деген шығармашылық  потенциалын  ашу.

Міндеттері:

Студенттерді аудиториядан тыс шараларға қатысуға тарту.

Студенттер бойында патриоттық сезім, болашақ мамандығына деген жауапкершілік және құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Ой-өрісі жоғары жастарды тәрбиелеу

Жоғарыда аталған мақсат-міндеттер мен тәрбие бағыттарын іске асыру барысында Жастар ұйымы келесідей нормативтік заңды құжаттарды негізге ала отырып жұмыс атқарады:

Студенттік парламент 2022-2023 жылдарға жоспар жасақтап, ұйымның құрамын бекітті. 2021 жылғы 18 қыркүйек №59-нк бұйрығына  сәйкес  Студенттік Парламент құрамы төмендегідей:

              

      1.Президент: Серікбайұлы Мұрат ДТБ-20

  1. Вице – Президент:Курамисова Айгүл ШБ-21

      1.Құқық және тәртіп фракциясы -  Байеділов Баймұрат  ДТБ-20

  1. Ақпарат фракциясы – Алпамышова Несібелі ШБ-21
  2. Өзін өзі тану және психологиялық фракциясы – Тастайбекова Әсем ШБ -20

      4.Спорт және өнер фракциясы – Өткелбаев Бағдат ДТБ - 19

      5.Мәдениет және өнер фракциясы – Байзаков Мейрамбек ДТБ-20

      6.Қамқорлық фракциясы (Еріктілер) – Исмағұлов Нұрлыбек  ДТБ-21

      7.Дебат қозғалысының фракциясы – Дарябаева Ардақ ОРБ -19

      8.Экология және еңбек фракциясы – Асхатова Гулдана ОРБ -22

           Айлық жоспар бойынша қаңтар айында «BOOKDATING – 2022» кітап сүйер жастардың кедесуі өткізілді .Кездесудің мақсаты  студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
         Кітап  біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз,  өткен  замандардың тұңғиық тереңнен сыр шертетін тарихты да,әдебиетті де , басқа ғылым кереметтері де, талай оқыиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар . Рухани білімнің , мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін  жойған емес.

               Айлық жоспар бойынша 16.09.2022 жылы «Жаңашыл жастар ел болашағы» атты дебат өткізілді. Дебат аудандық кітапханада, кітапхана ұжымымен  «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледж» және Бейнеу политехникалық колледж» студенттері арасында өткізілді.Дебаттың мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға,жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан – жақты қарап, сөйлеу дағдысын қалыпстасыру; өз көзқарасын айтуға  машықтандыру, студенттердің  қоғамға деген қөзқарасы мен қызығушылығын  қалыптастыру. Еліміздегі жастар мсәселесіне назар аударту. Аталған дебат америкалық парламенттік форматта өтті. Ереже бойынша , сайысқа 4  студент қатысты. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. I бөлімде екі фракцияның спикерлері өдерін таныстырды. II бөлімде спикерлер мысалдар мен стастистикалық мәліметтер келтірді, ұсыныстар, бір -  біріне сұрақ қойды. Бұл бөлімде жақтаушы топ нақты мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы өз ойларын жақсы ұсыныстар тастады. III бөлімде көрермендер сұрақ қойды және де сарапшылар өздерінің сараптамааларын айтты. Пікірталас өте тартысты өтті, көптеген қызықты пікірлер айтылды. Сайыс соңында алғыс хатпен марапатталды.

            Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжімізде 7 – казан мұғалімдер күніне орай«Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиыны өтті.

Салтанатты жиынымыз өз деңгейінде өте жақсы өтті.Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлы қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Салтанатты жинымызда студенттер ұстаздарға жылы лебірдерін өлең шумақтарымен жеткізіп керемет мерекелік кеш сыйлады студентеріміз.

13.12.22  күні колледждің жастар ісі жөніндегі инспектор Г.Абыллаева, колледж кітапханашысы М.Жүндібаеваның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - ұлт рухының бастауы" апталығының аясында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік - биік сенің айбының!" атты ақындар жыр мүшәйрасы өтті.  Ақындар мүшәйрасы

 II - турдан өткізілді.

 I - тур тақырыпқа сай өлең шумақтарын ұсыну,

 II - тур еркін тақырыпта өлең шумақтарын ұсыну. Ақындар мүшәйрасына "Бастауыш  және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі" біліктілігінің III  курс  студенті А. Сағындықова , "Мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту" мамандығының III курс  студенті Ж. Куватова, "Шетел тілі мұғалімі" біліктілігінің I -II курс студентері  А.Избасарова , А. Курамисова қатысты. Мүшәйрамыздың әділқазылар алқасы  қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Б.Өксікбаев,  қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары А. Толыбаева, колледж кітапханашысы М. Жүндібаева  қазылық етті.

             Жастар ісі жөніндегі инспектор Абыллаева Г ұйымдастыруымен “Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма?” тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа колледжіміздің "Парасат" дебат клубының мүшесі М.Серікбайұлы, А.Курамисова, Бейнеу политехникалық колледжінен  Д.Есбаева, А.Ходайбергенов қатысты. Дебат еркін фарматты өткізілді. Екі топта жақсы дайындықпен келген, топ мүшелері алғыс хатпен марапатталды.