Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Психологиялық  қызметтерді  жүргізуге  арналаған   2022-2023  оқу   жылының   

І семестрдегі атқарылған жұмыстар есебі

 

І. 2022-2023  оқу  жылына  6  топқа  150  білім  алушы  қабылданған,  барлығы  21  топ  бар.  Қолледждегі  психологиялық   қызметті  жүзеге  асыру  үшін   оқу  жылының  басында  жылдық  жоспар  жасақталып,  колледж   басшысымен  бекітілді.  Психологиялық   жұмысты  жүргізуде   негізгі  акцент  кәмелет  жасына  толмаған  жасөспірімдерге,  толық   жетім  және  ата-анасының   қамқорлығынсыз  қалған,  мүгедек   сутуденттерге     қойылады.  Сондықтан,  қыркүйек   айында   колледждің  әлеуметтік  педагогымен  бірлесе  отырып,  колледжге  жаңадан  қабылданған  студенттердің  әлеуметтік  статусы  анықталды. 

ІІ.  Білім алушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, әлеуметтік жетілуін қадағалау  бойынша  колледжге  жаңадан  келген  кәмелет  жасына  толмаған  студенттердің  сауалнама  арқылы   темперамент  типтері   анықталды.  Сауалнамаға  қатысқан  71   студенттің  49-ы   «флегматик»,   16-сы  «сангвиник»,  2-уі  «холерик», 4-уі  «меланхолик»   типі  анықталды.  Сауалнама    толтыру  барысында  әрбір  студент   өзерінің   темперамент  типтерін  анықтап,  өз  типтері  туралы  мінездеме   алды.  Студенттердің   өздерінің  темперамент  типтерін  және  оларға  берілетін  мінездеме  туралы  ақпарат  алудың  мақсаты – болашақтағы  әрекет,  жоспарларын  құруға  қосымша  кеңес,  бағыт-бағдар  ретінде  қарастыру. 

ІІІ.  Оқу процесінде  білім   алушыларға  психологиялық  көмек  және  қолдау  көрсету  мақсатында  23.09.2022  ж  күні  ОрБ-22  тобына  «Танысу»  тренингі  өткізілді.  Тренингтің  мақсаты – студенттердің  бір-бірілері  туралы  тың  мәліметтер  алу,  топтың  ішінде  жағымды  психологиялық  ахуал  қалыптастыру.  Тренингке  студенттер    белсенді,  қызығушылықпен  қатысты.  Тренинг  өз  мақсатына  жетті.

  1.11.2022 ж  күні  колледждің  1-курс  студенттерінің  жаңа  оқу  орнына  бейімделуінің  жай-күйін  анықтау   мақсатында  гуглформа   арқылы   сауалнама  алынды.  Сауалнамаға  78  студент  қатысты.  Сауалнама  сұрақтары:

  1. Колледж туралы ақпарат  көзін  қайдан  алдыңыз?
  2. Колледж сізге ұнайды  ма?
  3. Сіз сабақ кестесіне үлгеріп жүрсіз бе?
  4. Топтағы білім алушылармен арақатынасың қалай?
  5. Колледж өміріне бейімделуде қиындықтар бар ма?
  6. Топ жетекшіңіздің тарапынан қолдау көмектері болады ма?

            Сауалнамаға  қатысқан  студенттердің  37,8  пайызы  колледж  туралы  ақпарат  көзін,  яғни  ауданымыздағы  педагогикалық   мамандықтарға  оқытатын  колледжің   бар  екенін  туыстарынан,  таныстарынан  білген.  32,4  пайызы  колледждің   фейсбук,   инстаграм  парақшаларынан,  18,9  пайызы  мектеп  мұғалімдерінен,  10,8  пайызы  таратылған   жарнамалық  буклеттерден  білгенін  айтқан. 

            Студенттердің  қазіргі   таңда,  яғни  колледжге  түскеннен   кейінгі  колледжді  ұнату/ұнатпау  туралы  пікіріне  келсек,  сауалнамаға   қатысушылардың   97,3  пайызы  колледж  ұнайтындығын  білдірген.  Тек  2,7  пайызы  «ұнамайды»  деген  жауапты  белгілеген. 

            Сауалнамада  білім  алушыларға  сабақ  кестесіне  үлгеруін  анықтау  сауалы  қосылды.  Оның  себебі,  мектеп  бағдарламасында   сабақ  кестесі  45  минутпен  есептеледі,  сондықтан,  колледждегі  90  минуттық  сабаққа  бірден  үйрену  кейбір  қиыншылықтарға  әкелу   мүмкін.  Кейде,  ол физикалық  күш  түсіріп,  сабақ  үлгеріміне  әсер  етуі  ықтималдығы бар.  Осы  тұрғыдағы  сауалға  90,8  пайыз  студент  еш  қиындықсыз  үлгеріп  жүргендігін  айтқан.  Кейбір  студенттер  сабақ  мәліметтерінің  көлемінің  көптігі  қиындық  туғызатынын  білдірген. 

            Келесі  сауалда  топаралық  байланыстарды  анықтау  мақсатында  қойылған.  Себебі,  топ   студенттері  оқу  жылының  басында  ауданымыздың  бірнеше  мектептерінен  жиналғандықтан  және  территорияаралық  түсініктердің  болуынан  алагөздік  туындау  ықтималдығы  бар.  Бұл  сауал  бойынша  63,1  пайызы  студенттер  арақатынасының  «өте  жақсы»  және  37,3  пайызы  «жақсы»   екендігін  айтқан. 

            Колледж өміріне бейімделуде туындаған  қиындықтарды  анықтауда  90,8  пайызы  қиындықтардың  болмағанын  айтса,  7,9  пайызы  кейбір  қиындықтарға  ұшырағанын  білдірген.  Туындаған  қиындықтардың  себебі  болжам  бойынша – колледжге  қатынау,  отбасылық  мәселер,  т.б.

            Колледжге  оқуға  түскен  студенттердің  жаңа  оқу  орнына  тез  әрі  оңай  бейімделуіне  көмек  көрсететін  бірден  бір  тұлға – ол  топ  жетекшісі.  Сондықтан,  1-курс  студенттерінің  колледжге  бейімделуінде  топ  жетекшінің  рөлі  ерекше   екенін  ескере  отырып,  келесі  сауалда  топ жетекшілердің тарапынан қолдау көмектері болғанын/болмағанын   анықталды.  Сауалнамаға   қатысушылардың  97,4  пайызы  топ  жетекшілердің  қолдау  білідіріп,  кеңес  бергенін  көрсеткен. 

 

  2.11.2022  ж  күні  колледждің   кәмелетке  толмаған  1-курс  қыз  балаларына  ертежүктілікті  болдырмау   мақсатында  аудандық   аурухана   мамандарымен   кездесу  өтті.  Мақсаты: қыз балаларға тазалық, жеке бас гигиенасы туралы ақпарат беру. Денсаулықтың адамның өмір сүру салтына байланысты екенін түсіндіру.  Кездесу кешінің қонақтары акушер Л.Утегенова, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесінің Бейнеу аудандық филиалының меңгерушісі А.Толыбаева.

Шара барысында қыз бала тәрбиесі туралы, ерте жүктіліктің қауіпі жайында айта келе, ерте жүктіліктен сақтану жолдарын акушер Л.Утегенова қыздар гигиенасы, ерте жүктіліктің зияны туралы, А.Толыбаева денсаулыққа әсер  ететін факторлар, ұйқының бұзылуы, телефонын зиянды әсері туралы айтты.  Студенттер сұрақтарына жауап алды.

5.11.2022  ж  күні  «Дене   тәрбиесі  және  спорт»   мамандығының  1-курс  студенттеріне  «Менің  құқықтарым»   тақырыбында  буллинг,  бопсалау,  қорқытуды  болдырмаудың   мақсатында  тренинг-сабақ  өтті.  Студенттер   алдымен  дәріс  тыңдап,  ситуациялық   сұрақтарға  жауап  берді.

  10.11.2022 ж  күні   А.Жумагазина   20-қараша – Халықаралық   балаларды  қорғау  күніне  орай  ұйымдастырылған   «Бала  құқығы – адам  құқығы»    атты   республикалық   онкүндіктің   аясында  колледжіміздің   «Мектепке   дейінгі   тәрбие  және  оқыту»   мамандығының   2-курс  студенттеріне  «Жастық   шақта  жалында!»   тақырыбында  психологиялық   тренинг   өткізді.  Тренингтің    мақсаты – кәмелетке   толмаған  жасөспірімдердің  тәуелсіз  елімізде  барлық  құқығы  қорғалған  тұлға  ретінде  бақытты  өмір  сүруге  құқылы  екендіктерін  ұғындыру,  әрбір  сәттің  бақытын  бағалауға  үйрету.  Тренинг  жаттығуларын  орындауда  жасөспірімдер  әр  адамның   көзқарасын,   пікірін  сыйлауды  және  қабылдауды  үйренді.  Сонымен   қатар,  арнайы   дайындалған   сұрақтар  мен   ситуациялық   жағдайларды   орындау,  талқылау  арқылы  балалардың  құқықтары  туралы  білімдерін  кеңейтті,  адами  құндылықтар  ұғымының   мәнін  түсіну  тырысты.  Тренинг   соңында  топтағы  жасөспірімдер  арасындағы  достық,  сыйластық  қарым-қатынасты  нығайту,  қалыптастыру  мақсатында  бір-біріне  эмоция  сыйлау  жаттығуларын  орындап,  жағымды  атмосферада  бір-біріне  сәттілік  тіледі.

      

11.11.2022 ж  күні  студенттердің  білім  жолындағы  алға  қойған  мақсаттарына  жетудегі  қадамдарын  қалыптастыру   мақсатында  білім   алушылар  арасында  «Өмірге  қол  жеткіз!»  тақырыбындағы  ақпараттық  акцияны  насихаттау  барысында  колледждің  1-курс  білім  алушыларына  брощюралар  таратылды.          

            25.11.2022  ж  күні  колледждің  1-ші  курс  студенттерінің  ата-аналарына  «Өмірдің   қауіпті  қырлары  және  олардың  алдын  алу  жолдары»   тақырыбында  дөңгелек   үстел  өтті.  Ата-аналарға  арнайы  дайындалған  презентация  таныстырылды  және  бала  тәрбиесіне  қатысты  сұрақтар  қойылып,  пікір  алысу  болды. 

   1.12.2022 ж  күні    «Дене  тәрбиесі  және    спорт»  мамандығының   1-курс  студенттеріне    тобына  «Зорлық-зомбылыққа  төтеп  берейік!»   тақырыбында  тренинг  өтті.  Мақсаты – студенттерге   зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру,адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.Оқушыларға толеранттық туралы мағлұмат бере отырып,өздері жүрген орталарында мейірімді болуға,бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

12.12.2022 ж   «Отбасын  құруға  қажетті  дағдылар»  тақырыбында   ҚББ-22  тобына  тренинг  өтті.    Мақсаты – студенттердің   отбасын  құрудағы  негізгі  құндылықтар  туралы  түсінігін  кеңейту.  Тренинг  барысында  студенттер   отбасын  құрудағы   негізгі   құндылықтар  туралы  мәлімет  алды,  ситуациялық   сұрақтарға   жауап  берді,   әртүрлі  мысал  мәселелерді  талқылап    өмірлік  жағдаяттармен  салыстырды,  пікірлерін  білдірді.

13.12.2022 ж  күні   1-2  курс  ата-аналарына   «Психикалық   денсаулық»  термині  түсіндіріліп,  кеңестер  берілді.  Мақсаты – ата-аналарға  психикалық  денсаулықтың   маңызы  фихикалық   денсаулық   секілді   маңыздылығын   түсіндіру  және   студенттердің  психикалық  денсаулығын  сақтаудағы  ата-ананың  рөлін  айту.

            16.12.2022 ж  «Өз  қорқынышыңды  жеңе  біл!»   тақырыбында  4-курс  студенттерінің  емтиханалды  қорқынышын  жеңуге   арналған  тренинг  өтті.    Мақсаты – студенттерге  күйзелістен  арылу  және  бейтараптану  жаттуларын   ұсыну,   пайдалы    кеңестер  ұсыну.    

21.12.2022 ж  күні  1-курс  тобының  студенттерінен  суицидалды  мінез-құлықтың  алдын  алу  тақырыбында  сауалнама   алынды.  Сауалнамаға  72  студент   қатысты.   Сауалнама  колледждегі  кәмелетке  толмаған  82  студент  толық  қатысқаннан  кейін  қорытындыланады.