Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ, ЖОСПАРЫ, ЕСЕБІ

Колледжде тәрбие жұмысы бойынша 2023-2024 оқу жылының   І-ІІ семестрінде атқарылған іс-шаралардың орындалысы

 

    ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ АЙЫ

  ҚҰНДЫЛЫҚ: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

1

Білім күнінде өткізілетін шаралар тұжырымдамасын орындау

Студенттер,

Оқытушылар

 Салтанатты шара

Әлеуметтік желілерге жариялау және ақпарат беру

1 қыркүйек 2023

  БТЖЖО

2

Салтанатты жиын:

Алғашқы қоңырау мерекесінің іс-шарасын ұйымдастыру

Студенттер

Топ кураторлары

онкүндік

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

 

Қыркүйек

 БТЖЖО

3

Дөңгелек үстел

«Экология ел тағдыры»

Студенттер

Поэзия кеші

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

 

Қыркүйек

 Ишмұратова Р

4

Пікірталас

«Ар  ұят, намыс»

өзге этнос өкілдері

челлендж

Әлеуметтік желілерге жариялау

 

Қыркүйек

 Мұратова Ж

5

«Сергіту сәті» республикалық челенджін өткізу

Студенттер

ойындар, әлеуметтік зерттеу

Әлеуметтік желілерге жариялау

 

Қыркүйек

Абыллаева Г

Парламен мүшелері

6

Топ жиналыстары:

«Отбасы – тәрбиенің алтын  діңгегі»

«Татулығы  жарасқан отбасы»

БҚ-1/23

Ажб-1/23

зияткерлік сайыс

 Жоспар

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қыркүйек

Жалғасов Б

7

Ашық алаң

1 қазан - Қарттар күні

«Қарттарым – асыл қазынам»

Топ басшылары

квест

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қыркүйек

Кітапханашы

8

 Адалдық сағаты.

 

"Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи "

 

 

 

 

 

 

9

Кітап көрмесі

 

"Қожа Ахмет Яссауи" 930 жыл

 

 

 

 

 

ҚАЗАН – АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ айы

ҚҰНДЫЛЫҚ: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

1

1қазан - Қарттар күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі

 

студенттер

жәрмеңке

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 Джумадилова К

2

5 қазанға дейін «Ұстаздар күні» мерекелерін тойлау іс-шаралары

 

Оқытушылар

мерекелік шара

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 Хыдырбаева Л

Жолдасбаева Г

 

 

 

 

 

3

«Білесің бе?» «Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Ш.Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл,С. Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай зияткерлік сұрақтар қою

Студенттер

 қызықты қоңырау

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

Парламент мүшелері  

Тәрбие бөлімі

4

«Мен оқыған кітап»

Оқуға құштар колледж жобасы аясында  оқыған кітабын талқылау сағаты

 Студенттер

 Талқылау сағаты

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 Кітапханашы

5

«Нашақорлыққа жол жоқ» құқық қорғау органы мамандарының қатысуымен ақпараттық сағат

 

 Студенттер

 Ақпараттық сағаты

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 БТЖЖО

6

25 қазан – Республика күнін тойлау аясында жалпыколледждік «Әнұран» орындау

 Студенттер

 Ақпараттық сағаты

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 Жаулиева Г

7

 «Мен патриотпын»

«Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында әлеуметтік зерттеу

Студенттер

 әлеуметтік зерттеу

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

Парламент мүшелері  

Тәрбие бөлімі

Топ жетекшілер

8

«Өнерлі өрен»

«Талантты тарландар» жобасы аясында байқау ұйымдастыру

Студенттер

 байқау

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

Қойшыбаев М

Тәрбие бөлімі

9

«Тәрбие-баршаға ортақ» 2 курс топтарының онкүндігі /арнайы жоспар/

Студенттер

 онкүндік

Жоспар

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

 Тәрбие бөлімі

10

«БП тәрбие жалпы қоғамға міндет деп есептейді»

«Ұшқыр ой» жобасы аясында колледжішілік дебат

Студенттер

 дебат

Жоспар

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қазан

Абыллаева Г

Тәрбие бөлімі

ҚАРАША – ПОЭЗИЯ АЙЫ

ҚҰНДЫЛЫҚ: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

1

« Мен қандай ата-анамын?»

«Ата-ана мектебі» жобасы аясында семинар

 Ата-аналар

Семинар

Жоспар

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 

Тәрбие бөлімі

Топ жетекшілер

2

«Тәртіп-тәрбие бастауы» 3 курс топтарының онкүндігі /арнайы жоспар/

Студенттер

 онкүндік

Жоспар

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Тәрбие бөлімі

3

«Бүгін валюта күні»

«Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында қызықты ойындар ұйымдастыру

Студенттер

қызықты қоңырау

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

Парламент мүшелері  

Тәрбие бөлімі

4

«Бір толқында»

«Student’s life» жобасы аясында студенттер күніне арналған шара ұйымдастыру

Студенттер

мерекелік шара

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Тәрбие бөлімі

Оспанқызы Л

Дүйсенбаева Қ

 

 

 

 

 

 

 

5

«Жасөспірмдер арасындағы буллинг және кибербуллинг»

ақпараттық сағаты

Студенттер

ақпараттық сағат

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Психолог

6

«Адалдық-ардың ісі»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мақсатында кездесу

Студенттер

Кездесу

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 

Тәрбие бөлімі

7

«Мақал- сөздің мәйегі»

«Оқуға құштар колледж жобасы аясында мақал-мәтел жарысы

Студенттер

Кездесу

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Тәрбие бөлімі

Кітапханашы

8

Студенттер күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастыру

Студенттер

Жарыс

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Дене тәрбиесі пәні оқытушылары

9

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» ЖИТС қарсы күн /арнайы жоспар/

Студенттер

ақпараттық сағаты

Жоспар

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 медбике

10

«Асық ату» челленджіне қатысу

Студенттер

челлендж

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қараша

 Қайыров Е

Каракулов Б

Демеуов Б

ЖЕЛТОҚСАН – «ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

ҚҰНДЫЛЫҚТАР : ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

 

1

Діни экстремизм және тероризмге бағытталған алдын алу іс шаралар

Студенттер

Кездесу

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Тәрбие бөлімі

Қуаныш Б

2

«Оқуға құштар ата-ана - оқуға құштар бала», «Ана қолындағы кітап» ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

Студенттер

ата-аналар

буккросинг

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Тәрбие бөлімі

Кітапханашы

3

ТDХ форматында мотивациялық кездесу

Студенттер

Кездесу

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Каракулов Б

4

«Қайырымдылық-қайырлы іс» қайырымдылық жәрмеңкесі

Студенттер

жәрмеңке

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Джумадилова К

 

 

 

 

 

 

 

5

«Тәуелсіздік –бастауы бар бақыттың!» Салтанатты жиын

Студенттер

мерекелік шара

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Жаулиева Э

Ниярова А

6

«Жалған сөйлеу- жақсы емес!» кураторлық сағаты

Студенттер

кураторлық сағаты

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 

Жандаулетова Ш

7

 «Бірге кітап оқимыз»

Оқуға құштар колледж жобасы аясында топ сағатының уақытында кітап оқуды ұйымдастыру

Студенттер

кураторлық сағаты

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Кітапханашы

8

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

мерекелік шара

Студенттер

Мерекелік шара

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Шаленова А

Тыныштықова С

9

«Шығарма жазу: Болашаққа хат» челлендж

Студенттер

челлендж

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Желтоқсан

 Тәрбие бөлімі

ҚАҢТАР – «ҰЛТТЫҚ КОД» айы

ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

1

 «Сессияға сеніммен..»

««Student’s life» жобасы аясында сессия алдындағы қорқынышты жеңуге арналған тренингтер

Студенттер

тренинг

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

Психолог

2

 «Ұлым, саған айтамын..»

«Ата-аналар мектебі жобасы аясында кездесу

Студенттер

кездесу

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

Серкешбаева А

3

« Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

ұлттық спорт түрлерінен жарыс

Студенттер

спорттық жарыс

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

4

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

«Колледждегі бизнес» жобасы аясында қолдан жасалған бұйымдар көрмесі

Студенттер

спорттық жарыс

Ақпарлама

Әлеуметтік желілерге жариялау

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

5

«Ұшқыр ой алаңы» студенттердің дебаттық турниріне қатысу

 

«Ұшқыр ой» дебат клубы

дебат

Әлеуметтік желілерге жариялау және ақпарат беру

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

6

«Таза сессия» акциясын ұйымдастыру

Студенттер

акция

Әлеуметтік желілерге жариялау және ақпарат беру

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

Психолог

7

«Оқы, ұсын»

«оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітап алмасу

Студенттер

буккроссинг

Әлеуметтік желілерге жариялау және ақпарат беру

Қаңтар

 Тәрбие бөлімі

Психолог

 

АҚПАН – «ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҚ » айы

ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

1

«Мақал-сөздің азығы,

жұмбақ – ойдың қазығы» («Оқуға құштар колледж» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

9 ақпан 2024

Тәрбие бөлімі

Кітапханашы

2

«Сабырлылық – асыл қасиет» («Ата-аналар мектебі» жобасы)

Ата-аналар, педагогтер

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Акпан

Ширджанов Н

 

3

«Сен және Заң» («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Акпан

Кулекенова А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НАУРЫЗ – «ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ  ДӘРІПТЕУ » айы

ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

 

 

 

 

 

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Директордың өндірістік оқу (кәсіптік оқыту) ісі

жөніндегі

орынбасары, куратор

1

«Домбыра Party»

(«Ата-аналар

мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Наурыз

Қойшыбаев М

 

2

«Қош  келдің,  әз - Наурыз !»

Білім алушылар

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Наурыз

Косшыбекова Э

Нурымов Б

Жолдасбаева Г

 

3

«Ізгіліктің бір ізі -

алғыс айту»

Білім

алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық

сағаттың жоспары/сценариі

1 наурыз 2024

Жаулиева Г

 

5

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» («Ата-аналар

мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

5 наурыз 2024

Жаулиева Э

Оспанқыззы Л

6

«Қарияға қамқорлық» волонтерлік көмек

Білім алушылар

Волонтерлік көмек көрсету

Волонтерлік көмек көрсету

Жоспарға сәйкес

Джумадилова К

7

«Экологиялық калейдоскоп»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары /сценариі

Жоспарға сәйкес

Жандаулетова Ш

8

«Сөз қадірі – өз қадірің»

(«Жеткіншектің жеті жарғысы»)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Рзабаева Г

 

СӘУІР- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  МӘДЕНИЕТ  айы

ҚҰНДЫЛЫҚТАР : ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ (ОТАН)

 

 

 

1

«Достық – көмекпен

мықты» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

 

Білім алушылар

Кураторлық

сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

4 сәуір 2024

Дүйсенбаева Қ

2

«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» («Ата-аналар

мектебі» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

10 сәуір 2024

Ишмұратова Р

Кулекенова А

3

«Өрле Қазақстан» («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Беккали М

 

 

 

 

 

 

 

 

4

«Әкелер күні» халықаралық мерекесі шеңберінде «Менің әкем – жақсы адам» («Ата-аналар

мектебі» жобасы)

«Әкелер» клубы Білім алушылар

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Ниярова А

Серкешбаева А

 

МАМЫР-БЕЙБІТШІЛІК  ПЕН  ТАТУЛЫҚ  айы

ҚҰНДЫЛЫҚТАР : ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ (ОТАН)

1

«Оқырмандар отбасы»

(«Ата-аналар

мектебі» жобасы)

«Аналар мектебі»,

«Әкелер» клубы

Ата-ана сағаты

Кураторлық сағаттың

жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Топ жетекшілер

 

 

 

 

 

 

 

2

«Адамдық борыш ар үшін»

 

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Каракулов Б

3

«Ұлттар достастығы»

(«Оқуға құштар колледж» жобасы)

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Жоспарға сәйкес

Кітапханашы

4

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем- Қазақстан!»

Білім алушылар

Кураторлық сағат

 

1 мамыр

Беккалиева Т

5

«Ер мен елдің жеңісі»

Білім алушылар

Кураторлық сағат

 

9 мамыр

Тыныштықова С

6

«Жас ұландар – мақтанышы елімнін!»

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

7 мамыр

Хыдырбаева Л

7

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу »

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

31 мамыр

Қосшыбекова Э

8

Ақын, жазушы, тарихшы, философ композитор Ш.Құдайбердіұлы

165 жыл

Білім алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Мамыр

Кулекенова А

9

«Рәміздерім –мақтанышым!»

Білім  алушылар

Кураторлық сағат

Кураторлық сағаттың жоспары/сценариі

Маусым

Шаленова А


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде студенттерді салауатты өмір салтын насихаттауда еңбекке, іскерлікке ұмтылуда, саяси саналылыққа тәрбиелеуде, қоғамдағы белсенділігін дамытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпы салт-дәстүрі аркылы ұлттық тәрбиеге баулуга, жастардын адамгершілік қасиетiн жетiлдiру максатында көптеген нақты шаралар аткарылды. Спорт ойындарын ұйымдастыру, еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жұмыстарын студенттер мен топ жетекшiлерi бiрiгiп аткарып келеді.

Колледждегі тәрбие жұмысының негiзгi мақсаты мен мiндетi бәсекеге кабiлеттi, Отанын, елін сүйетін ұлтжанды азамат, акпараттык мадениетi жоғары дамыған, шығармашыл құзыреттi тулга, эстетикалык сезiмi кең, жаны нәзік, сулу, салауатты, өзiн-өзi, басканы да өрге сүйрейтін кайратты, рухы таза, өнерпаз, ертеңгі ата-ана, тәрбиеші, өз елiнiң, баска да елдердiн салт-дәстүрін, өнерін құрметтейтiн толерантты студенттерді дайындау.

Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы үздiксiз бiлiм беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негiзiнде 8 бағытта жүргізіледі.

Тәрбие жұмысынын бағыттары:

  1. Қазақстандык патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасы тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениеттi және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, акпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене тәрбиесi, салауатты өмір салты

Колледжде өткiзiлетiн тәлім-тәрбиелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар 8 бағыттың барлыгын камтиды. Сонымен бірге аудандык Жастар ресурстық орталыгымен, Аудандык мешіт имамдарымен, заң қызметкерлерімен, аурухана дәрігерлерімен, спорт және туризм бөлімдерімен, Аудандық Бейнеу мұражайы мекемесімен, әскери бөлім және Аудандық Мәдениет үйімен біріге отырып, пікірсайыстар, кездесулер, мерекелік түрлі шаралар, конференциялар, байқаулар өткізу дәстүрге айналдырған.

Ұрпақтың бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл-ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижиелі көрініс болып саналмақ. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болса да тәрбиелік жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Бұл жалпы азаматтық құндылықтарды меңгерген, жан-жақты дамыған, экономикалық ойлау қабілеті қалыптасқан, бәсекелесуге дайын жалпы азаматтық құндылықтарды игеру дағдылары бар, түрлі мамандықтарды меңгеруде, өмірдің қыйын мәселелерін шешуде жылдам да бағдарлауға дайын тұлғаны тәрбиелеуге, патриоттық сезімді, адамгершілік қасиеттерді, салауаттылықты қалыптастыра отырып, айналасында болып жатқан өзгерістерге ойлы көзбен қарауға, пайымдауға, өмірге бейімделуге мүмкіндік туғызады.

Аудандық және облыстық деңгейде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып отырады.

Бейнеу аудандық Жастар ісін үйлестіру орталығымен, Бейнеу кітапханасы мекемесімен, Абыл мәдениет үйі мекемелерімен тығыз байланыс жасап жұмыс жасап келеді.

Жаңа  оқу жылынан бастап, «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбиені  қалыптастыру» Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті патриотты және  патриот азамат  қалыптастыр; тұлғаның  саяси, құқықтық  және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениеті; балалар мен  жастардың құқықтық  санасы, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

1 – қыркүйек Білім күні мерекесіне орай «1 қыркүйек - Білім күні» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен  басталды. Колледж басшысы Г. Ж. Жаулы  құттықтау сөз сөйлеп, оқытушылар  мен білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен жылғы жеткен жетістіктерді атап, колледж  табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Жиынның құрметті қонағы,  колледждің "Қамқоршылық" кеңесі төрағасы Б. Өксікбаев  білім алушыларға  "Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын ел, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне, біліміне ерекше  көңіл бөлуде. Ендеше, келешегіміз кемел болуы үшін қажыр-қайратымызды тек қана оқуға жұмсайық, білімді ұрпақ болайық"  деп тілек білдірді. Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары А. Б. Жумагулова мерекемен құттықтап, 2022-2023 оқу жылына арналған оқу үрдісін таныстырды. Жиын соңында «Ұстазым» әні шырқалды. Жиын  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы білім күніне арналған алғашқы сабақтармен  жалғасты

19.09 күні ШБ – 19 және ДтБ-19 тобында «Ата Заңым - айбыным»       тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу. Қосымша материалдардан мысалдар келтіре отырып,өз ойларын айтқызу. Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу. Студенттердің құқық туралы түсініктерін қалыптастыру. Құқықтық білімдерін жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Заңды құрметтеуге, қоғамдық ережелерді орындауға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалысымен бастадық. «Ата Заңым - айбыным»  тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге студенттер белсене қатысты. Заңның шығу тарихы туралы қысқа бейнеролик тамашалап конституция туралы көптеген мағлұматтар алды. Студенттерге заң тұрғысынан бірнеше талқыланатын сұрақтар қойылды. Ашық пікірталаста қазіргі таңдағы қоғамдық мәселелер талқыланды. Пікірталас алаңында студенттерге жасөспірімдер арасында көбіне кездесетін мәселелер қозғалып ұнамды, ұнамсыз тұстарын айтып өтті.

22.112022 күні  «Ел рәміздері –еркіндік нышаны» тақырыбында   Қ Дүйсенбаева, Ж Тилепова ИнБ-21, ДтБ-21 тобында  инттеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты рәміздерді құрметтей білуге үйрету. Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Студенттерді  отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,  тарихты білуге тәрбиелеу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша студенттер өз білімдерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша "дене тәрбиесі мұғалімі" мамандығының ІІ курс студенттері жеңіске жетті. Жеңімпаз топ арнайы дипломмен марапатталды.

06.09.2022 ж күні Шб-21 топ студенттерінің қатысуымен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы “Құрмет” орденінің иегері Қажымұрат Сейілханұлына арналған «Еңбегі өшпес тұлға »адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатында Қажымұрат Сейілханұлының өмірбаянымен таныстырылып, қысқаша бейнебаян ұсынылды. Халқына адал қызмет еткен ұлы тұлғаны студенттер көптеген қырынан тани білді. Студенттерге Қажымұрат Сейілханұлына қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Тәрбие сағатын қорытындылай келе Кадирбаева Зауреш апай тақырып бойынша қосымша ақпараттармен бөлісіп, сөз сөйледі. Бүгінгі тәрбие сағатында адал еңбекті дәріптейтін, өте әсерлі, тағылымы мол адалдық сағаты өтті.

А. Ниярова , Г.Тургалиева 26.09 күні  “Бала және заң” тақырыбында колледж инспекторы С.Қайратқызымен кездесу ұйымдастырды.Кездесуге  “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының, “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігінің 1,2 курс және «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығының 2-курс топ студенттері қатысты. 

Кездесудің мақсаты: құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын  біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесу барысында білім алушылар бала құқығы туралы кеңінен ақпарат алды. Колледж инспекторы Сандуғаш Қайратқызына сұрақтар қойып, пікіралмасты. Студенттер «Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?» сұрағы бойынша өз ойларымен бөлісті

 

07.10. күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушылары Т.Беккалиева, Н. Амангелдиеваның ұйымдастыруымен Орб-19, Орб-20 студенттерінің қатысуымен « Менің құқықтарым!» тақырыбында дебат өткізілді. Алдымен дебатқа қатысушылар «Дәстүрлі бала тәрбиесі» тақырыбы бойынша пікірлерін ортаға салды. Екі фракция да тәрбие жөнінде өз пікірлерін ашық айтып, талқыға салды. Дебаттың екінші бөлімінде фракция арасында тақырыпты қорытындылап, сараптама жасалды. Тайм- спикер фракция лидерлері мен спикерлеріне межелі уақыт бөліп отырып, тақырыптарды қызу талқылады. Дебат соңында парламентацияға сөз беріліп, көпшіліктің ойы тыңдалды. Сарапшылар дебат соңында өз шешімдерін шығарып, пікірлер сайысын қорытындылады. Дебат соңында қатысушылар марапатталды.

             

07.10. күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл отырысқа қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Өксікбаев, қамқоршылық кеңесінің орынбасары А.Толыбаева, қамқоршылық кеңесінің хатшысы Қ.Джумадилова және колледж инспекторы Н.Жомартқызы, колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Кадирбаева қатысты.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Өксікбаев Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін әлеуметтік серіктестерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері екенін атап өтті. Сонымен бірге төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланатынын айта келе, жылдық жоспарымен таныстырып, қыркүйек айының жоспарын талқылады. Білім беру ұйымының миссиясы талқыланып, материалдық көмекке мұқтаж студенттерге көмек көрсетуді ұйымдастырды. I курс студенттерінің ата –аналарының жиналысына қатысу керек екенін айтып өтті.

         

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің кітапханашысы Ш. Бурибайқызының ұйымдастыруымен 7.10 күні қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі..." әдеби кеш өткізді. Кештің мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығымен және Абай жолы романы-эпопеясымен таныстыру . Студенттер Абай жолы романындағы "Абай оқудан қайтқанда" көрінісінен үзінді көрсетті. Абай өлеңдерін оқып, Мұхтар Әуезовтің кітаптарына шолу жасалды.

 

07.10. күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде I курс студенттерінің ата-аналарына "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі" тақырыбында ата-аналар жиналысы болды.

Күн тәртібінде

  1. Колледж басшыларымен таныстыру.
  2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі.
  3. Құқық бұзушылықтың алдын –алу және ерте тұрмыс құруды, ерте жүктілікті болдырмау.

Ата-аналар жиналысына Колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Байтөреқызы, колледж басшының өндірістік практика жөніндегі орынбасары С.Адилов, колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Кадирбаева, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Өксікбаев, қамқоршылық кеңесінің орынбасары , салауатты өмір сүру орталығының меңгерушісі А.Толыбаева, әлеуметтік педагог Қ.Джумадилова, колледж инспекторы Н.Жомартқызы қатысты.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны, рухани адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруда ата –ананың тәрбиесінің маңызы зор екенін, ата -аналардың колледжбен тығыз қарым-қатынаста болуын түсіндіру.

Бүгінгі жиналыста колледж басшысының оқу, тәрбие орынбасарлары, қамқоршылық кеңестің төрағасы ата-аналар колледжбен тығыз жұмыс істеуі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырамыз делінді. Себебі оқу, тәрбие үрдісіне ата-ананың араласуы маңызды фактор. Егер колледжде оқытушы ықпал етсе, үйде ата-анасы бақылайтын болса бала бос уақытын тиімді пайдаланып, әрбір студент өзінің қызығушылығымен, ойлау қабілетімен ерекшеленеді деді. Сонымен бірге студенттердің колледждің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес колледж формасын сақтауын, сабақты себепсіз қалдырмауын қадағалауды ата -аналарға түсіндірді.

Колледж инспекторы Н. Жомартқызы құқықбұзушылықтың алдын-алу, ерте тұрмыс құру, ерте жүктіліктің алдын алу керек екенін қатаң ескертті. Егер бұндай жағдайлар кездесетін болса қылмыстық жауапкершілікке артылатынын атап өтті

11.11 күні орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігінің топ студенттері қатысуымен «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында шетел тілі пәні оқытушысы Ж.Мұратова дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерге адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Сөйлеу мәдениетін , адамгершілік қасиеттерін дамыту. Заңды құрметтеуге, қоғамдық ережелерді орындауға тәрбиелеу. Дөңгелек үстелде студенттерге, заң тұрғысында ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар бірнеше сұрақтар қойылып, студенттердің жылдамдықтарына байланысты тапсырмалар орындалынды. Дөңгелек үстелде студенттер өз пікірлерін еркін жеткізіп, белсенділік танытты.

 

11.10 күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері Абыл мәдениет үйінде "Отанды қорғау парызың " атты іс шараға қатысты. Бұл іс-шарада "Германиядағы Кеңес əскерлерінің тобы жəне Варшава келісім шарт тобы" РҚБ МОФ бір топ ардагерлерімен кездесті. Шараның мақсаты: жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялатып, жастарды интернационализм рухында тәрбиелеу. Жиынды ұйым төрағасының орынбасары Т Еңсегенов ашып, жүргізді. Жиын барысында басқа да ардагерлер сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Кадирбаева бүгінгі кездесудің жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, тәрбиелік маңызы зор шара екенін айтып, игілікті бастамаға сәттілік тіледі. Ұйымдастырушыларға рахмет айтып, алғыс хат табыстады.  

Рухани – адамгершілік тәрбие. Мақсаты: Ең басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру. Тұлғаның Қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани – адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

20.09.2022 жылы ОрБ-21, ШтБ  -19 топтары  білім алушыларымен бірге адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру, ұжымға, қоғамға, еңбекке  деген жауапкершілігін арттыру мақсатында «Адамгершілік – рухани тәрбие негізі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шара барысында  тақырыпқа сай  көрсетілген бейнежазбаға байланысты білім алушылыр өз пікірлерін ортаға салып, адамгершілік аясындағы сұрақтар бойынша ой бөлісті. Жақсы қасиеттер туралы жан-жақты пікір білдірген білім алушылар «Сиқырлы қобдишада»  жасырылған  адамгершілік қасиеттерді бір –біріне сыйға тартып, жылы лебіздер арнаумен аяқталды.

11.11 дене тәрбиесі пәні оқытушысы Н.Амангелдиева, биология пәні оқытушысы Қ.Дуйсенбаеваның ұйымдастыруымен «Адам деген ардақты ат!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының маңыздылығын ашу. Студерттерге адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіру. Дөңгелек үстелде студенттер рухани байлықтың, адамгершілік қасиеттердің, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

9.12 күні ОрБ-20 тобында «Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбында пікірталас болып өтті. Мақсаты:  Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін  мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
 Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Пікірталас басында топта психологиялық ахуал орнатылды, яғни студенттер гүл ұсыну арқылы бір-біріне жылы, мақтау сөздер айтты. Студенттерге адамгершілік тақырыбында алуан түрлі сұрақтарға жауап берді.

 

Ұлттық тәрбие. Мақсаты: ұлттың өзін-қзі  танудың  жоғары деңгейі бар  жоғары оқу  орыны түлегінің  Қазақстан Республикасының  қазңргң  әлеуметтік-мәдени жағдайында сұранысқа ие  азамат  және  патриот тұлғасын  қалыыптастыру.

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Г. Жолдасбаева «Қазақстан- әр ұлттың ақ бесігі» тақырыбында ОрБ-19 тобында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасының көпұлтты, бейбіт, қонақжай ел екенін түсіндіру, мағлұмат беру. Карточка әдісі арқылы студенттер «Береке», «Татулық», «Ынтымақ», «Бірлік» топқа бөлінді. Орыс, украин, белорус, татар, кәріс, ұйғыр, неміс, поляк этностары туралы постер құрады. Постерда студенттер этнос өкілдерінің өмірін, тыныс-тіршілігін, зиялы қауым өкілдерін сөз етті. "Kahoot it" бағдарламасында студенттер әлемдік елдердің туларын анықтап, викториналық тапсырманы орындады. «Дастарханы өзара жарасқан» кезеңінде студенттер фотосуретте көрсетілген тағамдардың құрамына қарай, қандай ұлттық тағам екенін анықтады. Қазақстанды мекен ететін түрлі этностың тыныс-тіршілігімен танысып, толерантты бейбіт ортада өмір сүру жайында ой-толғаумен сабақ аяқталды.

                 

18.11 күні “ Туған тілім – өз тілім” тақырыбында “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының, “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігінің 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен пікірталас болып өтті.

Мақсаты: тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру, тілдің құдіреттілігін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары екендігін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы студенттерді адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастырып, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру.

Пікірталас барысында білім алушылар арнайы қосымшалар арқылы әр түрлі форматта сұрақ-жауап және мақал мәтелдерді аяқтау арқылы  кеңінен ақпарат алды. Студенттер «Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар» және олар біздер деп сөздерін аяқтады.

   

17.11 күні  "Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" мамандығының II курс студенттерімен, ата- аналармен "Ұлттық тәрбие-ұлт тәрбиесі» тақырыбында топ жетекшісі Т.Беккалиева тәрбие сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Көрнекілік ретінде тақырыпқа сай нақыл сөздер, буклеттер, видео роликтер, слайд пен презентация пайдаланылды. Ата -аналар студенттер өздерінің білетін құнды өсиеттерін, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде пікірлерін ортаға салды. Сабақ өте қызықты өтті, оқушылар белсене қатысты. Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылатындығын, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі екендігін сабақта ашық талқыланды. Сабақ соңында келген ата аналарға арнап «Анама» әні шырқалды. Аналарға алғыс білдіріп естелік сыйлықтар ұсынылды.

2.12. күні  ШБ-20 тобында «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген!»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, жас жеткіншек бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу,  бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.

          Дөңгелек үстел барысында студенттер  тарихымызға байланысты  сұрақтарға жауап берді. Ата-бабаларымыз аңсаған  тәуелсізікке қалай қол жеткізгеніміз туралы көп мағұлымат берілді. Бақытова  Ақгүл дөңгелек үстел барысында Тәуелсіз елдің жастары болашақта қандай болуы керектігі туралы, Шүкірбаева Ақбота «Тәуелсіздік толғауы» өлең шумақтарын айтты. Студенттер ой қорыту мақсатында қойылған  сұрақтарға жауап берді.

 

Отбасы тәрбиесі. Мақсаты:   Өмір жолында  кездескен  қиындықтар  мен  кедергілерділайықты жеңуге көмектесетін   осындай  жеке  қасиеттерді  қалыптастыру.Интеллект  пен шығармашылықтың дамуы, алғашқы  еңбек  тәжірибесі, моральдық-эстетикалық  қалыптасу.

21.09.2022 ж. Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Мб-22 тобында А.Кулекенованың ұйымдастыруымен"Отбасы-тәрбиенің алтын діңгегі" атты тәрбие  сағаты болып  өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру;оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатына ардақты ана,колледждің ардагер ұстазы Б.Қалышова қонаққа шақырылды және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Т.Кадирбаева мен колледж директорының ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.С.Жаңбырбаева қатысты. Тәрбие сағат барысында Бейбіт Калышова апай студенттерге отбасындағы сыйластықты нығайту мақсатында кеңестер айтып, отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығына,ұл мен қыз  тәрбиесі  мәселелеріне кеңірек тоқталды.Қатысушы студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жауап алды. Отбасы құндылығына байланысты видеоролик көрсетіліп, жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтары талқыланды.Тәрбие сағаты Мб-22 тобының студенті Габсаликова Зандираның "Ана" туралы әсем әнімен қорытыланды.

28.09 күні   ШБ-20  тобында  «Мен  және жанұям» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты  отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,  қайырымдылық,  достыққарым- қатынасты  қалыптастыру.  Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға  тәрбиелеу. Қонаққа  ата-аналар  Мархабаева  Айгүл   Тобышбаевна мен  Имангалиева  Гүлайым  Мұханбетовна  қонаққа  келді.  Ата-аналар мен   студенттерге   жанұяға   байланысты  бірнеше  ситуациялық сұрақтар  қойылды. Студенттер отбасы туралы мақал-мәтелдер айтты. Студенттер жанұя  деген сөзді талдады. Қонаққа келген ата-аналар студенттерге отбасы туралы ақыл кеңес берді.

Штб – 19 тобында қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге,қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екендігін ұғындыру мақсатында 21.10.2022 жылы   «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты пікірталас өткізілді.Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның  «Сіңіліме сыр» өлеңін мәнерлеп оқудан басталған шарада білім алушылар қыз балаға тән қасиеттер мен жат қылықтар,қыз баласы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарымыз, киіну  және қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы өз пікірлерін ортаға салды.Қыз бала тәрбиесі туралы бейнежазба көрсетілгеннен кейін,жан-жақты ой бөлісіп,түйінді сөзбен қорытындыланды.Білім алушылар үшін тағылымы мол танымдық шара болды.

19.12. колледж  психологі  А.Жумагазина  "Қосымша  білім  беру  педагогі"  мамандығының  1-ші  курс  студенттеріне  "Отбасын  құруға  қажетті   дағдылар"  тақырыбында  тренинг  өтті.  Мақсаты - студенттердің  отбасын  құрудағы  негізгі  құндылықтар  туралы  түсінігін  кеңейту.  Тренинг  барысында  отбасы  студенттер  отбасын  құрудағы  қажетті  дағдылар  туралы  мәлімет  алды,  ситуациялық  сұрақтарға  жауап  берді,   әртүрлі  мысал  мәселелерді   талқылап  өмірлік  жағдаяттармен  салыстырды,  өздерінің  пікірлерін  білдірді

 

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие .

Мақсаты: Тұрғындардың мәдениеті, дәстүрлері, тарихи тұрмысының ерекшілігімен өңірдік экономикалық  дамуының  экономикалық  дамуының  байланысын терең ұғындыру.  Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым – қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

27.09. күні  «Еңбек етсең емерсің »  тәрбие сағаты ДТб-20 тобында Б.Жалғасов ұйымдастырды. Мақсаты:Студенттерді, адамгершілік, еңбекке баулу.

05.10.күні  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Э.Жаулиева «Мен жасыл әлемді қолдаймын!» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды.

Мақсаты: студенттерге экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Байқау барысында студенттер А 3 форматтағы қағазға тақырыпқа сай суреттерін салып, түрлі-түсті қарындаштар, акварель және гуашь бояуларын қолданды. Байқауға I және II курс студенттері қатысты. Студенттердің жұмыс орындау техникасы, суреттің тазалығы, тақырыптың суретпен сәйкестігі, сондай-ақ жұмыстың эстетикалық түрі бойынша бағаланып, бағалау критерийлері бойынша алты суреттің ішінен 3 жеңімпаз қатары анықталды. Қатысушылар салған суреттерін қорғап, байқау қорытындысы бойынша I-орынды ШБ-21 тобының студенты Курамисова А, II-орынды МБ-21 тобының студенті Болатова А, III-орынды ОрБ-22 тобының студенті Алдашева А иеленді. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, марапатталды.

24.11. күні Бейнеу гуманитарлық -экономикалық колледжінде орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Оспанқызының ұйымдастыруымен  «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің қонағы колледж түлегі, орыс тілі пәнінің мұғалімі Чибентаева Замира Тимуровна. Кездесу кешінің мақсаты мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту, қазіргі таңда студенттердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету. З. Тимуровна колледж өміріндегі естеліктерімен бөлісті, жүрек қалауымен таңдаған мамандықтарының иесі атанып, сабақты жақсы оқуға кеңес берді. Кездесу барысында қонақпен «Сиқырлы қобдиша» ойыны ұйымдастырылды. Қобдиша ішінде жасырылған тапсырмаға жауап беріп, ән, орыс тілінде жаңылтпаш айтылып, кеш өте әсерлі өтті. «Бос микрофон» рефлексиясымен, білім алушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікірлерімен бөлісті. Студенттерге бүгінгі маманның айтқан ақыл — кеңестерін жадыңызда ұстап, ілім- білім алуға барлық күш –жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі –болашақ маман иелері болуларына тілек білдіріп, қонағымыз Замира Тимуровнаға алтын уақытын бөліп, студенттермен тәжірибе бөліскені үшін мың алғыс айтумен қорытындыладық.

1.12  күні «Өз –өзіңе қызмет  ете аласыңба ?» тақырыбында сауалнама алынды. Әрбір студент өз-өзіне қызмет етуді толық  білетінін айтқан.

 

Зияткерлік  тәрбие, ақпараттық  мәдениет  тәрбиесі. Мақсаты:  «Біз Мәңгілік елдің мызғымас  жеті тұғырын» нығайтуға сақтауға  және ұрпақтан ұрпаққа  аманат етуге, білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін – өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құруға, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.   

«Ойлы болсаң, озып көр»  зияткерлік ойыны тарих пәнінің оқытушысы Э.Қощыбекова ұйымдастырды.

22.10.2022 ж.күні Бейнеу гуманитарлық -экономикалық колледжінде студенттер арасында  «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығым» атты пікірталас А.Ниярова ағылшын тілі пәні оқытушысы ұйымдастыруымен өтті.   Пікірталас мақсаты - танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір – бірін құрметтеуге үйрену. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп  Ш.Уәлиханов атамыз айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз деп сөздерін аяқтады.

25.11. күні  "Кім білгір" интелектуалды сайысы ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеу, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

7.12. күні  ОрБ -21, ШБ – 21 топ студенттерімен «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманында интернеттің пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету. Тақырып бойынша студенттер өз ойларын ортаға салды.

Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық  тәрбие

19.10 күні студенттерге адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында "Әдептілік - әдемілік" атты пікірталас болып өтті.

Шара директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Кадирбаеваның алғысөзімен басталды. Пікірталас бірнеше кезеңдерден тұрды. Студенттер әдептілікке байланысты сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Ситуациялық жағдаятты шешіп, қыз әдебіне, тәрбиесіне байланысты сауалнамаға жауап берді. Пікірталас тартысты әрі қызықты өтті.

13.12. күні Қуаныш Ботагөздің ұйымдастыруымен «Этика және біз» тақырыбында Брэйн Ринг интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға «Шетел тілі пәні мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенттерінен құралған «Meildred team» командасы және «Орыс тілі пәні мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенттері атынан «Сана» командасы бақ сынасты. Сайыстың мақсаты – өскелең жас ұрпақтың ойлау қабілетін жетілдіріп, логикалық, интеллектуалдық дамуын арттыру, сонымен қатар этикалық ережелер туралы мол әрі маңызды ақпараттармен таныстыру. Сайыс 4 турдан тұрды: 1 тур – сұрақ-жауап; 2 тур - «4 фото 1 сөз» ойыны; 3 тур – бейнебаян; 4 тур – дастархан басындағы этикет. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әділ қазы алқасының қорытындысымен «Meildred team» командасы 1 орынға ие болса, «Сана» командасы «Үлгілі команда» номинациясын иеленді.

 

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Мақсаты: Отанға деген  сүйіспеншілік  жауапкершілігін арттыру. Салауатты өмір салты мен, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

30.09 .күні Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні науқаны аясында "Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігінің IY курс білім алушыларымен бірге жасөспірімдердің теріс жолға түсіп, ғасыр дертіне шалдықпауын санасына жеткізу, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушысы А. Серкешбаева «ЖИТС–ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа сай көрсетілген бейнежазбаға байланысты білім алушылыр өз ойларын ортаға салып, ЖИТС-тің таралуы, алғашқы белгілері, қорғану жолдары аясындағы сұрақтар бойынша пікір алмасты. Дөңгелек үстел «Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» деген ұранмен аяқталды.

Студенттердің бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтау білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын - алу мақсатында 17.11. күні "Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі " мамандығының II курс студенттерімен орыс тілі пәнінің оқытушысы Т. Беккалиева «Нашақорлық - ұлттың қауіпсіздігі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталаста білім алушылар нашақорлық бұл адамзат баласының денсаулығымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Қазіргі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор бар екен. Негізгі мәселе нашақордың санында емес, жасында болса керек. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “табыс көзі” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушысына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептейміз – деген пікір айтылды. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда! Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деген қорытынды ұғыммен сабақ аяқталды.

9.12 күні колледж медбикесі Н. Имандаулетова "Алкоголь және темекі шегудің зияны" тақырыбында аудандық орталык аурухана дарігері нарколог    Ж. Аймаковпен кездесу ұйымдастырды. Білім алушылардың бойына зиянды әдеттерге,  алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.  Маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру. Темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

21.12 1-курс студенттерімен АҚТҚ/ЖҚТБ-дан сақтану жолы мақсатында дөнгелек үстел өткізілді. Мақсаты: АҚТҚ/ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселді жанжақты ақпарат беріп түсіндіру. ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әәсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. Дөңгелек үстелге Бейнеу аудандық емханасының нарколог дәрігері Ж.Аймаков, колледж дәрігері Н.Имандаулетова қатысты. Студенттерге құнды мәліметтер беріп, жаман әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.