Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Білім ордасына 10 жыл

 

Берекелі Бейнеудегі тұңғыш техникалық және кәсіптік білім беретін білім ордасы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі ашылғанына 10 жыл толу мерейтойын атап өтті. Мерекелік кешке колледждің алғашқы оқытушылары кеш қонағы ретінде шақырылып, студенттердің құттықтаулары мен ән шашулары жолданып, колледждің 10 жылдық тарихынан сыр шертетін видеороликтер, колледж тарихымен байланыстырылған әндер мен ойындар ұйымдастырылды. Кеш барысында әріптестердің қызықты естеліктері, жүрекжарды лебіздері уақытты кейінге сырғытып, жүректерге алғашқы кездегі қызықтар мен қиындықтарға деген сағынышты ұялатты. Колледждің іргелі оқу орны боп қалыптасуына еңбек сіңірген ұстаздар марапатталды. Мерекелік кеш жоғары деңгейде аталып өтті.


Халқымызда 7 қазына бар. Соның бірі – қыран бүркіт. Құсбегілердің айтуынша, 10 жасқа толған бүркіт «барқын» деп аталады екен. Барқын бүркіттің нағыз кемеліне келіп, толысқан шағы, нағыз жүгірген аңды алмай қоймайтын кезі болып есептеледі екен. Сол секілді колледж өткізген 10 жылында аяғынан тік тұрып, кемеліне келді, іргетасын нығайтты, қабырғасын қатайтты.


Ал 10 жастағы ұл баланың жасын қазақтар «қозы жасы» деп атайды екен. Бұл – еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бұл жаста бала еңбектің қиындығын көріп, дəмін татады екен. Мінеки, сол секілді біздің колледждегі ауданның маңдайалды оқытушылары 10 жыл ішіндегі түлектерінің мектептер мен балабақшалардағы жақсы маман екендіктерін көріп, марқайып отыр.


10 жыл аз да, көп те уақыт емес, бірақ осы жылдар ішінде мұнда білім алған мыңнан астам білікті мамандар бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді.

 

 

Білім ордасына 10 жыл
Білім ордасына 10 жыл
Білім ордасына 10 жыл
Білім ордасына 10 жыл
Білім ордасына 10 жыл
Білім ордасына 10 жыл