«Біздің мақтанышымыз...»
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай I, II курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кешінің конағы «AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалының төрағасы Жолышов Тұралы Ботақараұлы.
Кездесудің мақсаты білім алушының бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді қалыптастырып, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында
Тұралы Ботақараұлы өзінің өмір жолы тарихымен бөлісіп, болашақ ұрпақты білімді, еңбекқор және саяси сауатты болуға шақырды.
Сонымен бірге "білім алушыларды мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен жастарысыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер" - деп сөзін аяқтады.
Білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне байланысты ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, студенттер «Аманат партиясының құрылу мақсаты неде?», «Аманат партиясына мүше болу үлкен жауапкершілікті талап ете ме?» т.б сұрақтар бойынша ақпараттар алды.
ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының облыстық спартакиадасының баскетболдан ерлер арасындағы жарыста колледжіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды!