Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Тілім менің –Тәуелсіздік жаршысы » атты дәстүрлі тіл апталығы

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарындағы «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасын жүзеге асуына қолдау білдіру мақсатында 22 қыркүйек Қ.Р. халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай 2016 жылдың 19-24 қыркүйек күндері аралығында «Тілім менің-Тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында дәстүрлі тіл апталығы өтті.Дәстүрлі тіл апталығы аясында студенттерге мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,үш тілде оқытуды қолдау мақсатында мазмұнды, тәлім-тәрбиелік мәні үлкен, танымдық шаралар ұйымдастырылды, олардың формалары да әртүрлі болды. Мысалы, тіл танымдық сайыс,сырласу кеші, мәнерлеп оқу сайысы,әдеби-сазды кеш, үш тілде зияткерлік ойын,интеллектуальный конкурс. Тіл апталығының мақсаты-студенттердің туған  жеріне,ана тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау,насихаттау,ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, оны өшпес мұра етіп сақтау. Тіл апталығы мазмұнды өтті. Апталыққа колледж студенттерінің көпшілігі тартылды, әсіресе ер балалардың белсенділігі жоғары болды. Өнерлі, дарынды, ақындық өнері, артистік қабілеті бар студенттер анықталды.

Информация о проведении  недели языков
Информация о проведении  недели языков
Информация о проведении  недели языков
Информация о проведении  недели языков
Информация о проведении  недели языков

Информация о проведении  недели языков