Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін

 

2016 жылдың желтоқсанның 3-і күні Бейнеу ауданындағы Абыл Тарақұлы атындағы мәдениет үйінде Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі ұйымдастырған Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жастар - Қазақстанның болашағы» атты тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында колледжішілік «Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін» атты алтыбақан ойын- сауық кеші болып өтті. Кеш барысында Елбасының үш тұғырлы саясаты, еліміздегі ұлтаралық келісім халықтық салт-дәстүрмен шебер ұштастырылды.Өнерпаздар үш тілде ән айтып, өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, түрлі ұлттардың билерін биледі, жеңіл әзілмен айтыс ұйымдастырып, жұмбақ-жаңылтпаштар айтып сайысты, ұлттық ойындар ойналды.


Колледж тарихынан бейнебаян көрсетіліп, Студенттер хоры патриоттық әндер орындады. Мәдениет үйінің фойесінде «Еңселі ел орда- тәуелсіздік нышаны», «Қолөнер- қазағымның қазынасы», «Суреттер - ғажайыптар мекені мен сыр әлемі» тақырыптарында студенттер шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ел тарихынан сыр шертетін Алтын адамды, ханды, батырды, өнер адамын және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бақытты отбасын бейнелеген мүсіндер көрмесі көрермендерді таң-тамаша етті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген бұл шара мәнді де мазмұнды болып өткендігі туралы Колледж директоры Қ.Жаманбаев пен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әнесов қорытынды сөз сөйлеп, ұжымға болашақта шығармашылық табыстар тіледі.

Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін
Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін