Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы

 

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК-де директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен қосымша білім беру педагогі Н. Аюпованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 3-4 ақпан күндері 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосу мақсатында колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқау кезінде орындалған тапсырмалар:
1.Өзін-өзі таныстыру бойынша презентация әзірлеу. Сарапшының байқау қатысушысымен пікірлесуі;
2. Қазақ, орыс, ағылшын ертегілерінің біреуін мәнерлеп оқу;
3. Сәндік-қолданбалы өнер, жапсыру, пластинография;
4. Қозғалмалы ойындар жүргізу;
5. Халық ертегілерінен қуыршақ театры арқылы театрландырылған қойылым қою;
6. Үлкен топ ата-аналарымен жиналыс әзірлеу және өткізу;
7. «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта» бағыттары бойынша пәндік-дамытушылық заттық ортаның жобасын әзірлеу және таныстыру.


Қазылар алқасының шешімі бойынша: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенті Ж.Оразымбетова І орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Н.Әбдірахманова ІІ орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенті Г.Карабалаева ІІІ орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Э.Әбиллаева ІІІ орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Ж.Азбергенова «Ізденімпаз қатысушы», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Ұ.Қыйзатова «Шығармашыл қатысушы» номинацияларына ие болды. Қатысушы студенттерге жетекшілік жасаған оқытушылар: А.Жумагазина, З.Қадырбаева, А.Қайранова, Л.Хыдырбаева, А.Кулекенова және Б.Даулетова. «WorldSkills Kazakstan-2017» байқауына сарапшы ретінде әлеуметтік серіктес мекеме «Манашы бөбекжайы» МКҚК-ның директорының міндетін атқарушы, тәжірибелі әдіскер-тәрбиеші Даулбаева Гулсина Оразбаевна ханым шақырылды.

«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2017» байқауы