Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

"Білікті маман - өмір талабы" тақырыбында өткізілген педагогика, психология және өзін-өзі тану, эстетикалық пәндер апталығы

13.03.2017ж күні «Білікті маман – өмір талабы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатында студенттер мамандықтар бойынша өлеңдер оқып, ПЦК жетекшісі апталықтың жоспарымен студенттерді таныстырды.

«Бабалар мұрасын сақтаймыз және дәріптейміз» атты студенттердің қолөнер көрмесі технология және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Б.Алдабергенова жетекшілігімен ұйымдастырылды. Көрмеде студенттер қолынан шыққан түрлі материалдардан (мата, пластик, қағаз, пенопласт, мақта, жіп, жүн, ою-өрнек т.б) дайындалған бұйымдар қойылып, тамаша туындылар әзірлеген студенттер марапатталды.

14.03.2017ж күні педагогика, психология пәнінің оқытушысы Л.Хыдырбаева «Бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлініп келеді?» тақырыбында студент-аналар арасында пікірталас өткізді. Пікірталас кезінде студенттер өздерінің отбасы және бала тәрбиесі туралы ойларын ортаға салды. Пікірталас соңында ардагер ұстаз Б.Қалышева және Б.Даулетоваға сөз кезегін берді. Әжелер қыз бала, келін, немере тәрбиесі туралы тәжірибелерін ортаға салып, ақыл –кеңестерін берді.

15.03.2017ж күні өзін –өзі тану пәнінің оқытушысы А. Кулекенова «Жарқын өмір игілігі - жақсылық» тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Сайысқа бірнеше топ студенттері қатысты. Атап айтсақ, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 2 курс суденті Тоқтамысова Ақсұлу, «Математика мұғалімі» 2 курс студенті Сыйлағанова Аймекен, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Дүзмағанбетова Айнұр, «Ұйымдастырушы педагог» біліктілігінің 1 курс студенті Аманжолова Индира, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 1 курс студенті Жарылғапова Айбарша қатысты. Сайыс үш турдан тұрды:
1-тур. Презентация қорғауы (үйге берілген тақырыпты қорғау);
2-тур. «Атаның сөзі –ақылдың көзі»(ғибратты мәтінді мазмұндап, мақалмен ой түйіндеу);
3-тур. Тренинг өткізу.

Оқытушы Ы.Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деген сөзімен аяқтап, сайыс жеңімпаздарына орындар белгіленді. «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 2 курс студенті Тоқтамысова Ақсұлу І орын,

«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Дүзмағанбетова Айнұр ІІ орын, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 1 курс студенті Жарылғапова Айбарша ІІІ орындармен марапатталды.

Осы күні жас маман педагогика, психология пәнінің оқытушысы Жандовлетова Шынарай «Отбасы» тренингісін ұйымдастырды. Тренинг «Шаттық шеңбері», «Бақытты отбасы модулі» тақырыбында студенттер салған суреттерімен таныстыру, бейнебаян бойынша пікіралмасу, «Мейірімділік алаңы» тақырыбында тілек айту тәрізді кезеңдерден тұрды. Бұл шарада ата-аналардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік берілді.

16.03.2017ж күні колледж психологы Жұмағазина Ақмарал «Елді басқару үшін білікті маман болу керек пе, әлде мықты психолог болу керек пе?» тақырыбында дебат өткізді. Дебатта «Психолог» және «Маман» деп екі топқа бөлініп өз пікірлерін ортаға салды. Дебат барысында топ студенттері өз позицияларын дәлелдей келе жақсы маман болу керек деген шешімге тоқтады. Дебат өте қызықты өтті.

Осы күні жас маман Ғ. Жолаева «Педагогика кемесі – білім теңізінде» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Педагогика», «Психология» аралдарына саяхатқа шыққан студенттер Капитан, Боцман, Матрос және арал тұрғындары рөлдерін сомдай отырып, пән бойынша сұрақтарға жауап берді.

17.03.2017ж күні педагогика және психология пәнінің оқытушысы З. Қадырбаева «Жас дарын» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Ойынға қатысушылар «Дарындылар» және «Білгірлер» деп екі топқа бөлінді. Ойынның негізгі мақсаты: педагогика және психология пәндерінен алған білімдерін ортаға салу. Ойын бес турдан тұрды:
1. Топтар өз тобын таныстырды;
2. Сұрақтарға жауап беру;
3. «Суреттер сөлейді» көрсетілген суреттердің ортақ мағынасын табу;
4. Капитандар сайысы;
5. Үздік жоба: «мінсіз тәрбиеші, мінсіз бала» тақырыбын қорғау.
Топтар ойын барысында белсенділік таныта қатысты. Аталмыш сайыста «Білгірлер» тобы жоғары ұпай жинап жеңіске жетті.

Апталықтың соңында «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге колледж директорының оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары Омарова Жайгүл және аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы Жолшиев Тұралы шақырылды. Кездесу барысында «Білікті маман – өмір талабы» туралы қонақтар пікірлерін айтып өтті. Кеш барысында мамандықтар туралы өлеңдер оқылып, Динара Жолдасбаева қырғыздың «Жылқышы» атты халық әнін орындады. Кездесу соңында апталықта белсенділік танытқан студенттер марапатталды.

ПЦК жетекшісі
Даулетова Б