Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Облыстық шығармалар байқауы

 

Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру мақсатында қазан айында «Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаевтың еңбектері» тақырыбында шығарма жазудан облыстық сайыс өткізілді. Осы сайысқа Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Ұлт ұлылығын танытушы» тақырыбындағы жұмыспен Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледж студенті Реймбаева Роза қатысты. Жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Қадыр Толқын жетекшілік етті. Сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Реймбаева Роза ІІ орын алып арнайы дипломмен марапатталды және ұялы телефон сыйлыққа берілді.