Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жекпе-жек» ойыны

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6–11-і күндері «Әлемдік тілдердің құдыреттілігі мен байлығы» тақырыбындағы шетел тілдері апталығының аясында студенттердің орыс тілі мен әдебиетінен білім деңгейін тексеру және оны дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Джумамуратов Мурат «Один на один» зияткерлік ойынын өткізген болатын. Ойынға «Орыс тілі мен дебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша бірінші курс студенті Абдрасулов Жахангир, үшінші курс студенттері Жексенова Альфия, Онгарова Хадия, Ширжанова Анар, төртінші курс студенттері Аметова Назерке мен Муханова Асем, «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша үшінші курс студенттері Ахметова Жұлдыз бен Жалғасова Орынбике қатысып, білімін сарапқа салды. Бұл ойын қызықты да тартысты өтті. Сегіз студент те өзінің белсенділігін танытты. Солардың ішінде соңғы раунд, яғни финалға дейін тартысып келген Онгарова Хадия мен Аметова Назерке көпшілік көңіліне бөленді. Ойын бес раундқа созылды, сұрақтар тек қана орыс тілі мен әдебиетінен болды. Ойынның әрбір раунды қызықты да, күрделі сұрақтарға толы болды. Оның ішінде орыс ақын-жазушылардың портреті сөзбен де, суретімен де жасырылды және киноүзінді көрсетіліп, қай шығармалардан алынып түсірілгенін табу және атауын айту сияқты сұрақтар да кездесті. Ойын соңғы заманауи техниканы тиімді пайдаланып, соңында ойын жеңімпазын анықтаумен аяқталды. Интеллектульды ойынның жеңімпазы Онгарова Хадия болып табылды. Жеңімпазға арнап караокенің көмегімен көрермендермен бірге орыс тілінде ән шырқалды.

«Жекпе-жек» ойыны
«Жекпе-жек» ойыны
«Жекпе-жек» ойыны
«Жекпе-жек» ойыны
«Жекпе-жек» ойыны