Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдардың бірі – пәндік олимпиада деп атауға болады. Осы орайда, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі директорының 2017 жылғы 07 қараша күнгі №138-нқ бұйрығы негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша директордың оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен қосымша білім беру педагогі Н.Аюпованың ұйымдастыруымен VI колледжішілік пәндік олимпиада өткізілді. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, студенттердің білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн –білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы сөз кезегін алған колледж директоры Жаманбаев Қаныбек Әбдібекұлы олимпиадаға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Пәндік олимпиадаға Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен 2,3,4-курстар бойынша барлығы 54 студент (қазақ тілі мен әдебиеті-13, Қазақстан тарихы-24, Математика-17) қатысты.
Колледжішілік олимпиадаға қатысқан 54 студенттің 32-сі І турдан (қазақ тілі мен әдебиетінен-13, математикадан-9, қазақстан тарихынан-10) жинауға тиісті барлық ұпайдың 50%-ын жинап, ІІ турға өтті.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бүгінгі білім сайысында әрбір студенттің білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды. Колледжішілік олимпиада қорытындысы бойынша әр пән бойынша құрылған пәндік комиссияның шешіміне сәйкес математика пәні бойынша 1-орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті Кульчабаев Қуаныш, жетекшісі С.Қайралапов, 2-орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3-курс студенті Жангылбаева Рая, жетекшісі А.Қалдаулетова, 3-орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 2-курс студенті Набатова Жадыра, жетекшісі Ш.Нұртұрғанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 1-орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3-курс студенті Мұратқызы Айнур, жетекшісі Г.Жаңбырова, 2-орынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 2-курс студенті Жарылғапова Айбарша, жетекшісі Г.Жаңбырова, 3-орынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Кашкынова Ұлдай,жетекшісі А.Сарбалаева, Қазақстан тарихы пәні бойынша 1-орынды «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 3-курс студенті Айнашов Амандық, жетекшісі А.Сазанбаева, 2-орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3-курс студенті Айтқалиева Ақмоншақ, жетекшісі А.Сазанбаева, 3-орынды «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 3-курс студенті Биходжаева Жайна, жетекшісі Э. Қосшыбекова иеленді.


Колледжішілік пәндік олимпиада Ереже талаптарына сай, сапалы өткізіліп, 2017-2018 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары студенттерінің арасында Ақтау қаласында өтетін пәндік олимпиадаға 1-орын алған студенттерді қатыстыру жоспарланып отыр. Білім сайысында ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген студенттерімізге сәт сапар тілейміз.

Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.
Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.
Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.
Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.
Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.
Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.