Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Кәсіптік білім беруде оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы кәсіби жетілген тұлғаны тәрбиелеу»

«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде барлық мемлекеттер бойынша білім беру саласының сапалы болуына қол жеткізуіміз тиіс»
Н.Ә. Назарбаев

Елбасымыз “Жаңа формация педогогы – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты” деген еді. Осы орайда, «Бейнеу гуманитарлық- экономикалық колледжі» МКҚК-де 04-06 желтоқсан аралығында колледжішілік «Кәсіптік білім беруде оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы кәсіби жетілген тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында жаратылыстану пәндік цикл жетекшісі Л.Мектепованың ұйымдастыруымен әдістемелік семинар болып өтті. Бұл семинардың негізгі мақсаты – Жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін арттыра отырып педагогтік тәжірибенің үлгілерін дамыту, инновациялық және ақпараттық технологияларды қолданатын оқытушыларға қолдау көрсетіп,жұмыстарын насихаттау.Аталған семинарда колледждің бір топ оқытушылары әдістемелік сабақтарын өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ: химия пәнінің жоғары санатты оқытушысы Ш.Сапарова ОрБ-71 тобы студенттеріне «Азот және оның қосылыстары»,жоғары санатты информатика пәні оқытушылары Н.Аюпова ИнБ-94 тобына «Фотомонтаждау бағдарламалары»,Б.Каржауова ОрБ-71 тобына «Excel бағдарламасы, формулалары мен функциялары»,жоғары санатты информатика пәні оқытушысы А.Жумагулова ДтБ-72 тобына «Автоматтандырылған бақылау және тестілеу бағдарламалары», жоғары санатты дене тәрбиесі пәні оқытушылары, Б.Төреханов ОрБ-54 тобына «Сынақ қабылдау», Б.Нуримов ОрБ-71 тобына «Гимнастикалық таяқшалар мен скакалкалармен жаттығулар», Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы,ұйымдастырушысы Т.Гарабаев МтБ-10-1 тобына «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау», жоғары санатты математика пәні оқытушылары Г.Сариева МтБ-74 тобына «Геометрия ғылымының пайда болуы», С.Қайралапов МтБ-74 тобына «Сандық қатарлар»,Ш.Нұртұрғанова МтБ—92 тобына «Алгебралық өрнектер», бірінші санатты дене тәрбиесі пәні оқытушысы Ж.Тілепова МтБ-10-1 тобына «Гимнастика, Кіші ағаш аттан секіру»,бірінші санатты биология пәні оқытушысы С.Тыныштықова МтБ-92 тобына «Тірек қимыл жүйесінің гигиенасы», екінші санатты дене тәрбиесі пәні оқытушылары Б.Демеуов ДтБ-72 тобына «Волейбол, спорттық ойынының элементтерімен қозғалыс ойындары», информатика пәні оқытушылары Ж.Икенова ДтБ-81 тобына «Графика мен диаграмма тұрғызу»,Г.Жаулиева «Электрондық кестедегі формулалар, функцияларды қолдану», А.Махмутова ИнБ-94 тобына «Қозғалыс анимациясы»,биология пәні оқытушысы Қ.Дүйсенбаева ТжБ-32 тобына «Сүйектің құрлысы, құрамы және жас ерекшелігі»тақырыптарында көрнекі сабақтары өткізілді.Семинардың қорытынды бөлімінде курсқа барып келген оқытушылармен кері байланыс орнатылып, жоғары санатты физика пәні оқытушысы Л.Мектепова «Маманның құзыреттілігін инновациялық технологиялар жағдайында қалыптастыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова өткізілген ашық сабақтарды талдап өтті.