Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Шәрелхан Әленұлының педагогикалық еңбектеріндегі халықтық тәрбие тағылымдары»

Елбасының  «Болашаққа  бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру   мақсатында Бейнеу  гуманитарлық –экономикалық   колледжінің  педагогика, психология  және  өзін-өзі  тану   арнайы  пәндер  циклінің  комиссия мүшелерінің (жетекшісі Б, Даулетова)  ұйымдастыруымен  2017 жылдың 11 желтоқсан күні «Шәрелхан  Әленұлының  педагогикалық  еңбектеріндегі  халықтық тәрбие  тағылымдары»  тақырыбында  педагогтің 75 жылдық  мерейтойына орай  ғылыми – тәжірибелік      конференция   өткізілді.  Цикл мүшелері   автордың кітабы бойынша «Педагогика – адам   тәрбиесі  туралы  ғылым», «Оқушыларға  тәрбие беру», «Оқушыларға  білім  беру»,  «Білім  берудің  мазмұны  туралы», «Жаңа  замандағы тәрбие беру  талаптары  және  ұлттық  мектеп», «Отбасы  тәрбиесі,  оның  мектеп пен  жұртшылық  тәрбиесінен  ерекшелігі» тақырыптарында  баяндамалар  жасалды. Конференцияға  бітіруші  топ студенттері  де  қатысып, аталған тақырыптар  бойынша  өз ойларын   ортаға салды.  Конференция  соңында  колледж  директорының  оқу-әдістемелік жұмыстар   жөніндегі  орынбасары  Гүлжамал Сұлтанқызы  қорытынды сөз  сөйлеп, конференцияға  қатысқан оқытушыларды  колледж  директорының   сертификатымен  марапаттады.