Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Колледж аруы-2018» байқауы

Құдіретті жыр тудырған санамда, 
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?! 
Кім де болса періште ғой ғажайып 
Әттен шіркін кетпесе екен азайып, демекші көктем мезгілінің алғашқы мерекелерінің бірі 8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай колледжімізде наурыз айының 6 жұлдызында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында «Колледж аруы-2018» байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілікғ адалдық, әсемдік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу. Байқауға колледждің 1-2 курс студенттерінен 5 сұлу қыздар қатысты. Әр қатысушы, сайыс шарттарына сәйке, яғни:
І «Сәлем сөздің -анасы» таныстыру
ІІ «Білгенге маржан» сұраққа жауап беру
ІІІ «Өнерлі өрге жүзер» өз өнері
ІV «Жас аспаз» аспаздық өнері
V «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісі бөлімдерінде бақтарын сынады. Байқауға колледжіміздің ұстаздары және колледж аспазы қазылық жасап, әр бөлімге тиісті бағасын берді. Байқау шарттарын барлығын саралаған қазылар алқасы қатысушыларға тиісті бағасын қойып, шешімдерін шығару нәтижісінде: «Ибалы ару» атағын Қалбаева Ақпөпе, «Өнерлі ару» атағына Есіркепова Айкүн, «Аспаз ару» атағына Реймбаева Жанат, «Көрікті ару» атағын Калбаева Камшат иеленді. Байқау жеңімпазы «Колледж аруы-2018» атағына Жанақова Қамажай иеленіп, арнайы тәж бен жәңімпаз лентасы тағылды. Байқау жеңімпазы өз деңгейінде өтіп, қорытындыланды.

«Колледж аруы-2018» байқауы
«Колледж аруы-2018» байқауы
«Колледж аруы-2018» байқауы
«Колледж аруы-2018» байқауы
«Колледж аруы-2018» байқауы
«Колледж аруы-2018» байқауы