Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 44-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері  мамыр айының 13-14 күні Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 44-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып келді. Нәтижесінде «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенті А. Айнашов (жетекшісі З.Кадырбаева) ІІІ дәрежелі диплом мен сертификатқа, «Математика мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті К. Кулчабаев (жетекшісі А. Калдаулетова) грамотаға, «Математика мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Г. Мурзагалиева  (жетекшісі Ж.Икенова) қатысқаны үшін сертификатқа ие болып келді. Студенттеріміз бен оларды дайындаған оқытушыларымызға алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.