Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

Бұл байқауға колледжімізде оқытылатын бес мамандықтар  бойынша 1,2,3,4 курс студенттері,әр курстан 1 студент қатысты.

1) «Мектепке дейнгі тәрбие және оқыту»

2) «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»

3) «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»

4) «Дене тәрбиесі  мұғалімі»

5)«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

 

   Байқау төрт  кезеңде өткізілді:

  • Ашылу рәсімі

Байқау төрт кезеңде өтеді:

 «Мамандықтар шеруі - 2022» байқауы 4-кезеңнен тұрады:

1 кезең – «Мамандығым - мақтанышым»  (мамандықты таныстыру, жарнамалау, бейнеролик, слайд,визитка т.б. үлгіде,ұзақтығы: 5-7 минут);

 

2 кезең – «Өнерлінің өрісі кең». Бұл сайыстың мақсаты қатысушылардың  шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскерлер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут);

 

3 кезең –«Ұстаз талантты болса-шәкірт талапты» Бұл сайыстың мақсаты жекелеген мамандықтар негізінде қатысушының  білім деңгейін,кәсіптік біліктігінін,ой-өрісін тексеру. (Ашық сабақтарын мектеп оқушыларына өтеді. Уақыты:40 минут)

 

4 кезең - «Цифрлы мұғалім» Бұл сайыстың мақсаты сайыскерлердің ақпараттық сауаттылығын анықтау; (ұзақтығы: 5-7 минут);

 

Студенттердің өнерлерін бағалап отыратын әділқазы мүшелері сбұйрық бойынша тағайындалды.

Комиссия төрағасы, директордың өндірістік практика жөніндегі орынбасары – Адилов Серик Карисбаевич;комиссия  мүшесі, колледж психологы -Жумагазина Ақмарал Аманжоловна;комиссия  мүшесі,Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі- Басанов Нұртаза;комиссия  мүшесі,Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-Ережепова Алмагул;   комиссия  мүшесі,Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі-Ибрашова Динара; комиссия  мүшесі,Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі -Тасмағанбетова Фарида Алпысбаевна;комиссия  мүшесі ,«Балауса»бөбекжайы тәрбиешісі- Көбеншиева Кенжегул;

                   

         «Мамандықтар шеруі - 2022»байқауының соңында әділқазылар алқасы өзара ақылдаса отырып әділ бағаларын берді.

1.«Шетел тілі пәнінің мұғалімі»тобы командасы – Бас жүлде

2.«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»тобы командасы – 1 орын;

  1. «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» командасы – 2 орын;
  2. «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» командасы – 3 орын;
  3. «Дене тәрбиесі мұғалімі» тобы командасы - 3 орын;