Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Информация о проведении  недели языков

«Тілім менің –Тәуелсіздік жаршысы » атты дәстүрлі тіл апталығы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарындағы «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасын жүзеге асуына қолдау білдіру мақсатында 22 қыркүйек Қ.Р. халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай 2016 жылдың 19-24 қыркүйек күндері аралығында «Тілім менің-Тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында дәстүрлі тіл апталығы өтті.

Жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттырудың мүмкіндіктері

Жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттырудың мүмкіндіктері

Қазіргі заманғы білім берудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу және оқытушылардың оқу - әдістемелік қызметтерін үнемі жетілдіру негізінде ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе алмасу мақсатында  қазан айының 20-сы күні  Бейнеу гуманитарлық -  экономикалық колледжінде өткізілетін «Жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттырудың мүмкіндіктері» тақырыбындағы АКТ бойынша  әдістемелік семинар болып өтті.

Білім ордасына 10 жыл

Білім ордасына 10 жыл

Берекелі Бейнеудегі тұңғыш техникалық және кәсіптік білім беретін білім ордасы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі ашылғанына 10 жыл толу мерейтойын атап өтті. Мерекелік кешке колледждің алғашқы оқытушылары кеш қонағы ретінде шақырылып, студенттердің құттықтаулары мен ән шашулары жолданып, колледждің 10 жылдық тарихынан сыр шертетін видеороликтер, колледж тарихымен байланыстырылған әндер мен ойындар ұйымдастырылды. Кеш барысында әріптестердің қызықты естеліктері, жүрекжарды лебіздері уақытты кейінге сырғытып, жүректерге алғашқы кездегі қызықтар мен қиындықтарға деген сағынышты ұялатты. Колледждің іргелі оқу орны боп қалыптасуына еңбек сіңірген ұстаздар марапатталды. Мерекелік кеш жоғары деңгейде аталып өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы