Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін

Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін

2016 жылдың желтоқсанның 3-і күні Бейнеу ауданындағы Абыл Тарақұлы атындағы мәдениет үйінде Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі ұйымдастырған Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жастар - Қазақстанның болашағы» атты тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында колледжішілік «Тәуелсіздік - тербеген тал бесігін» атты алтыбақан ойын- сауық кеші болып өтті.

БӘД

БӘД

Бейнеу гуманитарлық–экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім алушыларды Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрін жалғастыру мақсатында «Ел қорғаны - жастарымыз»  атты колледж  білім алушылар арасында  «Жас Ұлан» әскери – патриоттық  сайысы болып өтті. Бұл сайысқа колледж директоры Жаманбаев Қаныбек Абдибкович пен Бейнеу ауданының шекара қызметі қару – жарақ бөлімі аға офицер Ақшашев Азамат Адилбекович мырзалар қатысып өз пікірлерін білдірді.Колледж әскери жетекшісі Гарабаев Тажихан Ешибаевич шараны өте жоғары деңгейде өткізді.

«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »

«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »

Гуманитарлық пәндік циклдік комиссиясында гуманитарлық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, тиімді оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын,соның ішінде модульдік технологияның тәсілдерін үйрену,оны ұтымды пайдалана білу, сапалы сабақ үрдісін ұйымдастыру, пән оқытушыларының өзара тәжірибе алмасу мақсатында қараша айының 17-19 күндері аралығында «Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру» тақырыбында әдістемелік күндер өткізілді.17.11.күні сағат 9-00-де әдістемелік күндердің ашылу рәсімі өткізіліп, ГПЦК-cы жетекшісі А.Сарбалаева семинардың мақсаты, бағдарламасымен таныстырды.

«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы

«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы

2016 жылдың қазан айының 17-22 күндері аралығында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мені қызықтырған әлем» тақырыбында информатика пәні апталығы болып өтті. Колледж студенттері үшін ұйымдаcтырылған апталықтың негізгі мақсаты – апталыққа мүмкіндігінше колледждің барлық студенттерін белсенді қатыстыру, студенттердің ойлау қабілетін арттыру мен ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Апталық бағдарламасына сәйкес көптеген іс-шаралар болып өтті.

Директор

Директор

Жаулы  Гүлстан Жазықбайқызы

 

«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары

«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қазан айының 26,27-і күндері «Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары ұйымдастырылып өтті. Семинар бағдарламасы аясында І бөлімде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы С.Успанова орыс әдебиетінен «Жизнь и творчество М.Цветаевой», математика пәні оқытушысы Г.Ещанова «Логарифм.Ондық және натурал логарифм», педагогика пәні оқытушысы Б.Даулетова «Білімді тексеруге қойылатын талаптар» тақырыптарындағы ашық сабақтарын өткізді.