Жастар комитеті
Бейнеу гуманитарлық колледжінде студенттерді салауатты өмір салтын насихаттауда еңбекке, іскерлікке ұмтылдыруда, саяси саналылыққа тәрбиелеуде, қоғамдағы белсенділігін дамытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы ұлттық тәрбиеге баулуға, жастардың адамгершілік қасиетін жетілдіру мақсатында көптеген нақты шаралар атқарылды. Спорт ойындарын ұйымдастыру, еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыру жұмыстарын студенттер мен топ жетекшілері бірігіп атқарып келеді.