Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»

«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде қараша айының 19 - 23  аралығында «Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы» атты математика және физика пәндері апталығы өткізілді. Апталықтың алдын – ала жоспары жасалып, студенттерге таныстырылды. Апталыққа арналған тәрбие шаралары жоспарлы түрде өткізіліп, аталған шараларға барлық студенттер белсене қатысты. Өткізілген шаралар  интелектуалды ойын, танымдық сайыстар т.б. формаларда өткізілді. 

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу

   Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде  «Орыс тілі мұғалімі»  біліктілігінің 1-курс тобында  «Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу кеші өтті. Кездесу мақсаты – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздар, ардақты ата, аяулы әже Қалиев Мақсот пен Қалышева Бейбіт апаймен кездесу, өмірлік өнегелерінен тәлім алу, үлкенді сыйлауға, қарттарды қадірлеуге шақыру.

      

«Мысалмен айтқан көп ойлар»

«Мысалмен айтқан көп ойлар»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде   Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай  қазақтың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының  145 жылдығына байланысты «Тән көмілер,көмілмес еткен ісім»атты  дәстүрлі тілдер  апталығының аясында «Мысалмен айтқан көп ойлар»тақырыбында поэзия сағаты өткізілді. 

«Тұмау. Тұмаудың алдын алу шаралары»

«Тұмау. Тұмаудың алдын алу шаралары»

31 қазан күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Тұмау. Тұмаудың алдын алу шаралары»  тақырыбында бір күндік семинар А.Толыбаева мен М.Орынбасарованың ұйымдастыруымен өткізіліп,  иммунопрофилактиканың пайдасы, жеке және қоғамдық гигиена шаралары туралы, ЖРВИ қауіптілігі, тұмаудың ауыр зардаптары туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, вакцинациядан бас тарту салдарынан болатын қауіп- қатерлерге  және салдарға жұртшылықтың назарын аудару мақсаттарында мұғалімдер мен студеннтерге  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Семинардың студенттерге берер пайдасы мол болды.

«Қазақтың рухани көсемі»

«Қазақтың рухани көсемі»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына байланысты «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім» атты дәстүрлі тіл апталығы өтіп жатыр. 5 қыркүйек  күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Сарбалаева «Қазақтың рухани көсемі» тақырыбында тіл апталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды. 

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 44-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 44-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері  мамыр айының 13-14 күні Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 44-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып келді. 

«Әскери іске дайын бол!»

«Әскери іске дайын бол!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде білім алушыларды Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру және Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрін жалғастыру мақсатында «Әскери іске дайын бол!» атты «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысы болып өтті. Аталған сайысқа колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты. 

«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»

«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»

7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 5-ші мамыр күні колледжімізде «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты шара өтті. Мақсаты: жасық темірдей майыспаса, соққы тиген сайын шыңдала түсетін болат қасиетінен айрылмас жастарды Отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу. Шараға колледжіміздің ер балалары қатысып, олар әскери өмір – ротадағы сарбаздардың рөлін сомдады. Кеште алдымен әскери видеоролик көрсетіліп, студенттер әскери қимылдар жасады. 

«Дарынды шәкірт-үздік маман»

«Дарынды шәкірт-үздік маман»

25-26 сәуір күндері Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің 3-курс студенттері арасында «Дарынды шәкірт-үздік маман» байқауы өткізілді.Колледж студенттерінің педагогикалық қызметке кәсіби бағдарлануын, білім беру мекемелеріндегі қазіргі жаңа технологиялық даму процесстерімен танысуын шыңдау, колледждегі белсенді жастарды тану, қолдау көрсету, кәсіптік және тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар беру, әлеуметтік серіктес мекемелермен жұмысты жетілдіру мақсатындағы бұл байқау арнайы келісім бойынша Бейнеу селосындағы Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп пен «Балауса» балабақшасы базасында ұйымдастырылды.Әділ қазылар алқасының құрамында Ы.Алтынсарин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ә.Жәнібекова ,«Балауса» балабақшасының әдіскері А.Себепова және коллледж оқытушылары болды. 

«Әсем қалам – Астана»

«Әсем қалам – Астана»

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласының көз тартар сұлу жерлерін тарихи орындарын суреттеу арқылы қылқалам шеберлерін анықтау, сурет өнерінің құдіретін насихаттау, эстетикалық талғамды арттыра отырып, туған жердің тынысын белгілеу арқылы қала тарихын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Астана қаласының 20 жылдығына орай «Әсем қалам – Астана» атты аудандық жас суретшілер байқауына Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің бейнелеу өнері, технология пәндерінің оқытушысы Б. Алдабергенованың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенттері Молдагалиева Жанат, Төлегенова Гулнур, Омарова Айгерим, Кашқынбаева Сымбаттар қатысты. Нәтижесінде А. Омарова жүлделі ІІ орынға ие болса, Г. Төлегенова, Ж. Молдагалиева, С. Кашқынбаева белсенді қатысқаны үшін «Бейнеумәдениет» МКҚК-ның Алғысымен марапатталды.